Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

        Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 01.10.2026 ж. №1302 кіріс «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, шашырау фазасы, МБТ теріс, дәрілік препараттарға сезімтал, жаңа жағдай» диагнозымен тіркелген жағдай туралы 24.09.2026 ж. №97-СА шұғыл хабарламасы бойынша хаты.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 05.10.2026 ж.-30.10.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Қ. Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 37А.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы  нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында объектіде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы, атап айтқанда Университет қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден өту нәтижелері бойынша жұмысқа рұқсатының болмауы анықталды. Анықталған бұзушылықтар жауапты лауазымды адамдар тарапынан медицина қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтуіне тиісті бақылаудың болмауына байланысты орын алған.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарға байланысты субъектіге 2026 жылғы 30 қазандағы № 26 жұмыстан уақытша шеттету туралы жедел ден қою шарасы қолданылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/documents/details/1095105?lang=kk