Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

         Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы, Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан 2026 жылдың 1 қазанда түскен №730 ақпаратында туберкулез жағдайының тіркелуіне байланысты
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 01.10.2026 ж. - 30.10.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Егемен Қазақстан көшесі, 3/5 мекенжайында орналасқан «Elorda Clinic» ЖШС медициналық орталығы
  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталды.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Elorda Clinic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, сонымен қатар іс-шараларды көрсете отырып, ұсыныс берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/documents/details/1095103?lang=kk