«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №1 сайлау округі бойынша Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелуіне байланысты, Орынбасарова Индира Нагашыбаевнаны №139 учаскелік сайлау комиссиясындағы міндеттерін орындауы тоқтатыла тұрсын.
2. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Төраға Ш.Калыбаев
Хатшы Д.Қожақұлова
Жалағаш кенті
28 қазан 2026 жылы
№АСК-24/211