Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 2026 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 14 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 9897 қызмет көрсетілді, оның ішінде тағайындалғаны- 9641:
- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 1430;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 1681;
- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 407;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 135;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау –135;
- бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 2421;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) берілетін жәрдемақыны тағайындау – 137;
- І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауға байланысты жәрдемақыны тағайындау – 128;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 101;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 413;
- жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 1013;
- арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 189;
- нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу – 1448;
- Семей сынақ ядролық полигоннан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы- 3.
Тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданғандар- 256:
- жасына байланысты зейнетақы тағайындау- 3;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау- 4;
- бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау- 2;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау- 1;
- нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу- 246.