«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына және 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 16 және 17-тармақтарына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгіленгені және кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жайлар бөлінгені туралы хабарлайды.
Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары
|
№ |
Елдi мекеннiң атауы |
Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар |
|
1 |
Абай ауылы |
Сармық көшесі, «Алдаш Ата» дүкені ғимаратының оң жағында орналасқан. |
|
2 |
Аймантөбе ауылы |
Маханбетәлі Алашбаев көшесі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Берікқара орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында орналасқан. |
|
3 |
Ақжар ауылы |
Сәкен Сейфуллин көшесі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжар фельдшерлік-акушерлік тірегі ғимаратының оң жағында орналасқан. |
|
4 |
Аққия ауылы |
Өміртай Жексенбиев көшесі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Аққия орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. |
|
5 |
Ақтөбе ауылы |
Тұрар Рысқұлов көшесі, үйдің алдында орналасқан. |
|
6 |
Ақшолақ ауылы |
Тұрғынбек Сапарбаев көшесі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ақшолақ орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. |