«Мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын қалыптастыру, қол қою және бекіту жөніндегі пилоттық жобаны мемлекеттік мүлік тізілімінде іске асыру мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын қалыптастыру, қол қою және бекіту жөніндегі пилоттық жобаны мемлекеттік мүлік тізілімінде іске асыру мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба)

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

 

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15 - тармағының 685) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 1 Алқа хаттамасы отырысының 28-тармағына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

 

Жобамен мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын мемлекеттік мүлік тізілімінде қалыптастыруды, қол қоюды және бекітуді іске асыру көзделеді.

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

 

Жобаны қабылдау мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын мемлекеттік мүлік тізілімінде қалыптастыру, қол қою және бекіту рәсімдерінің жеделтуді және цифрландыруды қамтамасыз етеді.

 

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/documents/details/1094642?lang=kk