«Мемлекеттік мүлік тізілімінде республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

 

    «Мемлекеттік мүлік тізілімінде республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба)

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

    Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-тармағына, 14-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес әзірленді

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

    Жобада Мемлекеттік мүлік тізілімінде республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру көзделеді

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

    Мемлекеттік мүлік тізілімінде республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлудің рәсімін регламенттеу және цифрландыру

 

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

     Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/documents/details/1094553?lang=kk