Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Меніқара ауданы)

1.   Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 01.10.2026 жылғы №М-11 шұғыл хабарламасы. Диагнозы: А15.8

2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:_«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Меңдіқара удандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

3.   Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)_тартылған жоқ_

4.  Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі_2026  жылғы "5" қазаннан бастап, 2026 жылғы  "30"  қазанға дейін.

5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар_ «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Меңдіқара аудандық ауруханасы» КМК.

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 146-тармағы; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 98-бабының 1-тармағы; ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың (туберкулездің) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2-тарауының 3-тармағы бұзылған.

7.     Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы .нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар_ Құжаттамамен танысып, тергеп-тексеру орнын қарап шыққаннан кейін, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы талаптардың бұзылуы анықталды.

8. Қабылданған шаралар Жеке тұлғаға 20 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаға 160 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/documents/details/1094479?lang=kk