2026 жылғы 29 қазанда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы Елена Александровна Бостынец және архив мамандары Алмұхамедова Г.Б. мен Изкеева Г.Ж. бірлесіп, «Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Семинар барысында архив мамандары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау тәртібі бойынша түсініктемелер берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде тұратын азаматтардың еңбек өтілі мен жалақы мөлшерін растау туралы сұраныстары негізінде архивтік анықтамаларды дайындау және беру тәртібі түсіндірілді. Архивтік анықтамаларды орындау бойынша практикалық мысалдар да ұсынылды.