Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы ақпарат

№

п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны

Орындалуы туралы ақпарат

1

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық олқылықты жою үшін көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес коммуналдық меншікке беруді бақылауды жүзеге асыру функциясын бекіте отырып, «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге тиісті толықтыру енгізілсін.

«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағының 24-тармақшасында бекітілген

- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық меншікке беруді бақылауды жүзеге асыру.

«Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы                                   № 505-1373 ««Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы                         15 мамырдағы № 505-1373 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының қосымшасымен бекітілген «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже.

2

Құрылыс саласындағы лицензиялаудың ашықтығы мақсатында және сапасын арттыру үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді аяқтау және оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажеттілігі туралы хат жолдансын.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсыныс-хат

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-не, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді аяқтау және оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы ұсыныспен 2026 жылғы 27 тамыздағы № 505-09-06/1308 хат жолданды. Қазіргі уақытта енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

3

Жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру мақсатында «1С: Бухгалтерия» ақпараттық жүйесін әзірлеушілер мен әкімшілерге қызметкерде белсенді тәртіптік жаза болған жағдайда, оның Жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша «Сыйлықақы» (Премия) құжатын өткізуді автоматты түрде бұғаттауды қамтамасыз ететін бағдарламалық кеңейтімді орнату туралы хат жолдансын.

«1С: Бухгалтерия» ақпараттық жүйесін әзірлеушілер мен әкімшілерге ұсыныс-хат

Жаңа функцияны, яғни 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлықақыларды есептеу кезінде төлемдерді автоматты түрде бақылауды әзірлеу және «1С:Бухгалтерия – «Бюджет» АЖ» ақпараттық жүйесіне енгізу қажеттілігі туралы «Seven Hills of Kazakhstan» ЖШС әзірлеушілері мен әкімшісіне 2026 жылғы 27 тамыздағы № 505-03-39/1302 хат жолданды. Жетілдірудің мәні — дерекқорға тәртіптік теріс қылықтары бар қызметкерлер туралы мәліметтерді енгізу механизмін құру болып табылады. Бұл ретте бағдарлама қызметкерде оның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша белсенді тәртіптік жазасы болған жағдайда, «Сыйлықақы» құжатын өткізуді автоматты түрде бұғаттауы тиіс. Қазіргі уақытта механизм әзірленген және Басқармада жұмыс істейді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-kkgs/documents/details/1094218?lang=kk