Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалы ұсынған Абай облысы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеуден бас тарту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабының 6-тармағының                3) тармақшасына сәйкес, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалы Абай облысы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ұсынған құжаттарды қарай келе және 2026 жылғы 1 қарашадағы Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы отырысының № 68 хаттамасын басшылыққа ала отырып, Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Партиялық тізімді тіркеу үшін қажетті құжаттардың белгіленген мерзімде ұсынылмауына байланысты Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалы ұсынған Абай облысы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеуден бас тартылсын.
  2. Осы қаулы Абай облысы бойынша «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалына жолдансын.
  3. Осы қаулы Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Төраға                                                                             Г. Жігітбаева

 

Хатшы                                                                             Б. Төкенов

 

Семей қаласы

2026 жылғы 1 қараша

№ 44

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/documents/details/1094206?lang=kk