«Ортақ үлестік меншіктегі
немесе ортақ үлестік жер
пайдаланудағы жер учаскесіндегі
жер үлесін ресімдеу» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
«Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу». |
|
2 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) |
Жоқ. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал). |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
11 (он бір) жұмыс күні ішінде. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
|
7 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және (жер учаскесін жалға не сатып алған жағдайда) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қолы қойылған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
9 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Порталдың – техникалық жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында орналастырылған. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Порталға: 1) осы бұйрықпен бекітілген «Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеуге өтініш; 2) сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесінің уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі немесе жер-кадастрлық жоспары); 3) жер қатынастары саласындағы жеке және заңды тұлғалармен айқындалған жер үлесі есебінің электрондық көшірмесі; 4) жер учаскесін жеке меншік құқығына сатып алу жағдайында жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің немесе жалдау төлемі есебінің электрондық көшірмесі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. |
|
11 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімнің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады. 6) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктерді жоймау. |
|
12 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы жеке кабинеті, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |