№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 29 қазанда №4  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

- Муканов Раймбек Султанхамитович, 1974 жылы туған, ұлты қазақ, "Раймбек" шаруа қожалығының басшысы, Жарқайың ауданы Отрадное ауылында тұрады,  «Әділет» партиясының мүшесі, «Әділет» партиясынан ұсынылған;

- Гафарова Асем Спандияровна, 1982 жылы туған, ұлты қазақ, Державин қаласының «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК әдіскер-тәрбиешісі, Жарқайың ауданы Державин қаласында тұрады,  өзін-өзі ұсынған;

- Валиев Ринат Абдрафикович, 1984 жылы туған, ұлты татар, "Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Зерноград ауылының негізгі орта мектебі" КММ дене шынықтыру және спорт мұғалімі,  Жарқайың ауданы Зерноград ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған;

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/1094145?lang=kk