С. К. Сейдалиеваның диссертациялық жұмысының қорғауы туралы хабарландыру
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы бойынша диссертациялық кеңесте «8D101 – Денсаулық сақтау» бағыты (8D10140 – Фармация) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сейдалиева Сәбина Каржаубайқызының «Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді дамыту шеңберінде форсайт-менеджментті жетілдіру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасында орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1) Егорова Светлана Николаевна – фармация ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі «Қазан мемлекеттік медицина университеті» Фармация институтының білім беру қызметі жөніндегі директор орынбасары, Фармация институтының профессоры (Қазан қ., Ресей Федерациясы);
2) Кадырбаева Гульнара Мухаметовна – философия докторы (PhD), «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Отандық ғылыми кеңесшілер:
1) Шертаева Клара Джолбарисовна – фармация ғылымдарының докторы, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
2) Умурзахова Галия Жанбурбаевна – философия докторы (PhD), «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент қ., Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
1) Г.Н.К. Ганеш – философия докторы (PhD), JSS Жоғары білім беру және зерттеу академиясы Фармация колледжінің қауымдастырылған профессоры (Ути қ., Үндістан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1) Ордабаева Сауле Кутимовна –фармация ғылымдарының докторы, профессор, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармацевтикалық, токсикологиялық химия және фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі (Шымкент қ., Қазақстан);
2) Шертаева Клара Джолбарисовна – фармация ғылымдарының докторы, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
3) Умурзахова Галия Жанбурбаевна – философия докторы (PhD), «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
4) Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна –фармация ғылымдарының кандидаты, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармацевтикалық, токсикологиялық химия және фармакогнозия кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1) Шукирбекова Алма Боранбековна – фармация ғылымдарының докторы, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2) Ибрагимова Гузэль Ярулловна – фармация ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» фармация кафедрасының профессоры (Уфа қ., Ресей Федерациясы);
3) Бекболатова Эльмира Нышанбаевна – философия докторы (PhD), «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС сапа бойынша менеджері (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылғы 30 қарашада сағат 11:00-де «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте «8D10140 – Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы 1, 2-қабат, кіші зал.
ZOOM платформасы арқылы қатысу:
Қорғау аралас форматта Zoom платформасында өткізіледі, конференция сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/9943253515?pwd=FN3b5Z0DvG6thSQOxllANMbgoa3Hic.1&omn=86780548435
Конференция идентификаторы: 994 325 3515
Кіру коды: 2026
Ғалым хатшы: фармация ғылымдарының кандидаты, профессор Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна
Ұялы телефон: 8 701 7537260, e-mail:kulpan_ok@mail.ru