Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2026 жылғы 16 қазандағы № 365 бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19
қазанда № 40199 болып тіркелді
Акт Министерства или ведомства от 16.10.2026 № 365
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін
бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік
жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын
басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз
етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
1 / 22
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2026 жылғы 16 қазандағы
№ 365 бұйрығына 1-қосымша
"Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер
учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер
учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Құрылысты пайдалануға
бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру"
мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету
тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе
мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не
өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті
материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе
әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды
тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) көрсетілетін қызметті беруші – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық
мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – астананың, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар
қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру
туралы құқықтық актілері;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы
2 / 22
функцияларды жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы
органдарының құрылымдық бөлімшесі;
5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Жер
кодексі) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін,
тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
6) жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексінде белгіленген негіздерде,
шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы.
7) Бірыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы
уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және
өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік
органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша
ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын
орындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды
тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке
меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылысты пайдалануға
бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру
туралы өтінішті және Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Кеңсе қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын
өтініш келіп түскен жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күні
көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы
байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен
немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу
арқылы берілген құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция
арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
6. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.
Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті
берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түскен жағдайда,
мерзім келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан
3 / 22
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген
жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету
нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың
мазмұнымен танысады және құрылысжайды пайдалануға бергеннен кейін бұрын
жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруге өтінішті жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы
саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді.
8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы
саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және құжаттар
келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды.
9. Құрылыс салу, объектіні күтіп-ұстау, орналастыру үшін берілген жер учаскелері
бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің
жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттама бойынша
жер учаскесін сәйкестендіреді, қорытынды дайындайды және оны жер қатынастары
жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы
қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне
жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде
жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне
жеке меншік құқығын беру туралы шешімге қол қояды.
Жеке меншік құқығы сатып алынған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы
шешімінің көшірмесі жер учаскесін сатып алу-сату шартын дайындау үшін жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір)
жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату шартының жобасын дайындайды.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде
жер учаскесін сатып алу-сату шартына қол қояды.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру
туралы шешімі және жеке меншік құқығын сатып алған жағдайда жер учаскесін
сатып алу-сату шарты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті
алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету
процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарламаны жіберген күннен
бастап басталады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету
процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық
4 / 22
емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат
қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға
қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке
қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін
мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер
немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға
сәйкес келмеген, Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы
ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) Қағидалардың 13-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген
жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе
әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) Қағидалардың 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда –
мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне
енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
тәртіппен мәселе шешілгенге дейін;
3) Қағидалардың 13-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда –
анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды
мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі Қағидаларда
белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.
15. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты
бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін
мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін
күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы
процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше
жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе
оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу
жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын
мерзімге қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған
жағдайда тоқтата тұрады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер
немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға
сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағына сәйкес
құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші
өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Қағидалардың 13-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша
5 / 22
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар)
көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті
алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет"
веб-порталы арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні көзделеді, ол
мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған
күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған
кезден бастап қайта басталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс
күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті
беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бас тарту үшін негіздер
болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау
рәсімін өткізбестен, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден
уәжді бас тартуды жібереді.
18. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы
деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне
енгізілуін қамтамасыз етеді.
20. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген
немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген
өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің"
цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және
Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
21. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық
инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы
хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші
басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі
– ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші
6 / 22
оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды
қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды
адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда
көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса,
әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік
органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
23. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына
сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті
орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау
және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның
25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып
тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын
мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша
өкілеттер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден
бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға
ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы
жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық
нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
24. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа
дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы № 365
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-egin-burevestnik/documents/details/1093887?lang=kk