«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 233 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 233 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:

1) кірістер – 616 153 625,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 41 150 118,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 14 734 305,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 50 000,0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 6 341 253,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 553 877 948,6 мың теңге;

2) шығындар – 612 115 453,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 33 833 357,9 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 73 775 008,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 39 941 650,1 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 5 506 459,9 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 5 506 459,9 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -35 301 646,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –           
35 301 646,5 мың теңге;

қарыздар түсімі – 73 775 008,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 42 674 969,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 201 608,0 мың теңге.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 13-8), 13-9), 13-10), 13-11) тармақшаларымен толықтырылсын:

«13-8) осы қаулының 16-8-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінің жылдық кіріс түсімдері болжамының орындалмауына байланысты жоғалтуларын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу.»;

«13-9) осы қаулының 16-9-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет есебінен мәдениет саласын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу.»;

«13-10) осы қаулының 16-10-қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы бюджетіне облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласындағы ғимараттағы жергілікті желілерді монтаждау және қосуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу.»;

«13-11) осы қаулының 16-11-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар сомасының түсімі.».

көрсетілген қаулының 1, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 16-2, 16-3, 16-4-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулы осы қаулының 14, 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес 16-8, 16-9, 16-10, 16 11-қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновке жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қызылорда облысының әкімі                                                                        М. Ергешбаев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-economy/documents/details/1093206?lang=kk