Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

 

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.

Табиғат қорғау шаралары және экологиялық реттеу бөлімінің басшысы

    Өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi.

 

    Облыстың кезекті бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілейтін жаңа нормативтік құқықтық акт әзірленбеген.

   Бекітілген көрсеткіштердің болмауы табиғатты қорғау қызметінің өлшенетін нәтижелерін толық көлемде айқындауға, экологиялық проблемалардың басымдығын белгілеуге және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді.

      Сонымен қатар, тиісті көрсеткіштерсіз атмосфералық ауаның, су объектілері мен топырақтың ластану динамикасына объективті баға беру, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша қажетті шараларды айқындау қиындайды.

 

 

2

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы

   Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi.

 

      Заңда көзделген көлемде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсімдіктер ресурстарын арнайы пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілейтін нормативтік құқықтық акт анықталған жоқ.

      Осының салдарынан өсімдіктер ресурстарын арнайы пайдаланудың жекелеген түрлері облыстық деңгейде тиісті нормативтік реттеусіз қалып отыр.

       Қажетті мөлшерлемелердің болмауы өсімдіктер ресурстарын ақылы арнайы пайдалану заңнамада белгіленген тетігін іске асыруды қиындатады, тиісті төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде құқықтық белгісіздік туындатады және заңнама талаптарының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.

 

3

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы

   Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi.

 

     Өңірлік деңгейде азаматтардың жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және басқа да орман ресурстарын жеке қажеттіліктері үшін алуының жол берілетін көлемдері айқындалмаған.

      Қалыптасқан жағдай заңнамада көзделген орман ресурстарын тегін жинау құқығын іске асыратын азаматтар үшін де, мемлекеттік орман қорын қорғауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар үшін де құқықтық белгісіздік туындатады.

 

4

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы

    Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобасын дайындайды.

 

       «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»  Заңының  10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекітеді.

        Аталған өкілеттік ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи объектілердің мемлекеттік есебін жүргізуді және тиісті түрде қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Тиісті тізбе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілмеген.

        Нәтижесінде жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің нормативтік тұрғыдан бекітілген бірыңғай тізбесі жоқ, бұл ерекше табиғат қорғау құндылығын білдіретін объектілер туралы мәліметтерді жүйелеуді және оларды сақтау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды қиындатады.

 

5

«Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады           

 

     Орман отырғызу жұмыстарына қатысты түрі және жасы бойынша жіктелген отырғызу материалының сапасы мен қолжетімділігі туралы ақпарат  жоқ, орман екпелерін есепке алу журналы «Орманды молықтыру және орман өсіру қағидаларының»
4-қосымшасына сәйкес жүргізілмеген және техникалық қабылдау нәтижелеріне қатысты жазбалар уақтылы енгізілмеген.

 

6

«Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ директоры

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын, ұжымда жайлы психологиялық ахуал орнату бойынша шаралар қабылдайды.

 

    Талдау кезеңінде 4 орын бос (1-бульдозер машинисті, 1-орман өрт сөндіру станциясының трактор жүргізушісі, 1-орман өрт сөндіруші, 1-ағаш құлатушы) екені анықталды.

    Лауазымның ұзақ мерзімді бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

 

7

«Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ директоры

 

Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады

    Әкімшілік істерді электрондық форматта жүргізуге көшіру жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны анықталды,  атап айтқанда № 252736960000018 әкімшілік хаттамасы қағаз жеткізгіште жасалған.

      Әкімшілік істерді толық көлемде электрондық форматта жүргізбеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі ықтимал.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher-paidalanuy/documents/details/1092895?lang=kk