Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                          Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облыстық

мәслихатының

2026 жылғы ________

№ _________ шешіміне

қосымша

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары

 

1- тарау Жалпы ережелер

 

1. Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының
6-1-тармағы негізінде
әзірленді.

2. Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) негізінде ұсталған автомобиль көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді (бұдан әрі – көлік құралы, кеме) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – Жергілікті атқарушы органдар) шешімімен құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау), есепке алу және уақытша сақтау тәртібін реттейді.

 

2-тарау. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау тәртібі

 

3. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізуді (эвакуациялауды) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 797-бабының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті лауазымды тұлғалар ұстап қалу себептері жойылғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда орналастыру арқылы жүзеге асырады.

4. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) автомобиль көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

5. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) алдында уәкілетті тұлға автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйіне тексеру жүргізіп, барысы мен нәтижелерін тіркеудің бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, оның жай-күйін қабылдау-беру актісінде тіркейді.

6. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алуды ұйымдастыру:

1. жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақытын;

2. көлік құралының маркасын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бар болған жағдайда);

3. ұстап қалу себептерін;

4. жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы мәліметтерін;

5. автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйі туралы мәліметтерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

6. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алуды ұйымдастыру:

1. жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақытын;

2. көлік құралының маркасын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бар болған жағдайда);

3. ұстап қалу себептерін;

4. жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы мәліметтерін;

5. автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйі туралы мәліметтерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

6-1. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алу қағаз және (немесе) электрондық түрде жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автомобиль көлік құралы, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауға жатады.

8. Арнайы алаңға немесе тұраққа автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдау кезінде жауапты тұлға қарап тексеруді жүргізеді және қабылдау-беру актісінде көрсетілген физикалық (нақты) жай-күйін растайды.

9. Автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің қабылдау-беру актісінде көрсетілмеген не қолданылған ғылыми-техникалық тіркеу құралдарының нәтижелерінде болмаған сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, нақты жай-күйін анықтаған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер қабылдау-беру актісіне қосымша енгізіледі.

10. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

11. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-transport/documents/details/1092256?lang=kk