Телікөл ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет
Телікөл ауылдық округі, Ә.Тәжібаев елді мекенінде 261 тұрғын үй бар, халық саны 1570 адамды құрайды. Ауылымызда саяси-әлеуметтік жағдай тұрақты, ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және басқа да инфрақұрылым мәселелері шешімін табуда.
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша:
- Экономикалық белсенді халық саны – 805 адам, оның 789-ы жұмыспен қамтылған (242 адам өз бетімен жұмыс жасайды, 547 адам жалдамалы жұмысшы).
- Жұмыссыздар саны – 16 адам (2%).
- Экономикалық белсенді емес тұрғындар саны – 765 адам.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 39, зейнеткерлер – 121адам.
Жылдың алғашқы 9 айында жұмыспен қамту саласында:
- 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
- 10 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.
2026 жылға салық түсімдері 2 млн 610 мың теңгеге жоспарланды, алғашқы 5 айда 2 млн 448 мың 561 теңге жиналды. Оның ішінде:
- Жеке табыс салығы – 815 мың 727 теңге орындалса, жоспар – 950 мың теңге.
- Көлік салығы – 1 млн 597 мың 834 теңге орындалса, жоспар – 1 млн 500 мың теңге.
- Жер мен мүлік салығы – 35 мың теңге орындалса, жоспар – 160 мың теңге.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 адам 9 мил 800 мың теңге несие алды.
Егін шаруашылығында биыл 4 шаруа қожалығы жұмыс атқаруда. Олар 190 гектар жерге күріш, 74 гектарға ескі жоңышқа және 50 гектарға жаңа жоңышқа егіп, жалпы көлемі 315 гектар жерге егін орналастыруда.
Мал шаруашылығы бойынша:
- МІҚ – 2481 бас
- Қой-ешкі – 4176 бас
- Түйе – 102 бас
- Жылқы – 1083 бас
Барлық жеке меншіктегі малдар түрлі жұқпалы індеттерге қарсы, атап айтқанда сібір жарасы, аусылға, қарасанға тегіс егілді. Барлық мал басы сарып ауруына, туберкуллезге тексерілді.
Елді мекендегі 4,6 шақырым ауыл ішілік жолдар жөнделіп, асфальт төселді. Барлық көшелерге 132 жарық диодты шам орнатылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылда тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіледі: 5 мемлекеттік мекеме, 1 кәсіпкер, 37 тұрғын және 3 арнайы техника жұмылдырылып, 3 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жойылды. Көгалдандыру бойынша 300 түп ағаш отырғызылды.
Денсаулық сақтау саласында жыл басынан бері 4 мәрте мобильді медициналық кешен ауыл тұрғындарын тексерді. 235 адам есепте тұрады, Дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.
Білім саласында:
- №214 мектепте 367 оқушы білім алуда, 1 мектепалды даярлық тобы бар.
- 68 педагог және 41 техникалық қызметкер жұмыс істейді.
Елді мекенде 1 мемлекеттік және 1 жеке балабақша жұмыс жасайды:
- «Ақбесік» бөбекжай – бақшасында - 60 бала тәрбиеленуде, 6 педагог, 11 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.
- «Бейбарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік балабақшасында – 60 бала, 8 педагог, 1 аяжан, 7 техникалық қызметкер бар.
- Оқу-тәрбие жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Ауылдық клуб үйінде 8 штат бірлікте 10 қызметкер жұмыс жасайды, 24 іс-шара ұйымдастырылды, ақылы қызмет жоспары 330,0 мың теңге 5 айда орындалғаны – 110 мың теңге яғни 33,3пайызға орындалған.
Ауыл кітапханасында 14 771 кітап қоры бар, 607 оқырман бар. Кітапхана жергілікті өңірде «Оқитын ұлт» бағдарламасын іске асыруда мақсатында шаралар ұйымдастыруда.