Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылы, Юбилейная көшесі, № 1 үй, 2-пәтер мекенжайында орналасқан құрылыс объектісін зерттеп-қарау материалдарын, 2026 жылғы 21 қазандағы құрылыс объектісін қарап-тексеру актісін, «QazNurtend» ЖШС-нің 2026 жылғы 19 қазандағы № QNT19/10/2026-1 сараптамалық қорытындысын, 2026 жылғы 22 қазандағы ведомствоаралық комиссияның қорытындысын қарап, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 139-бабын, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығымен бекітілген Құрылыс объектісін апаттық деп тану және бұзуға немесе реконструкциялауға жатқызу қағидалары мен негіздерінің 32, 35–39-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрылыс конструкцияларының сыни деңгейде зақымданғаны, одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін еместігі және опырылып құлау қаупі техникалық зерттеп-қарау нәтижесінде анықталған, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылы, Юбилейная көшесі, № 1 үй мекенжайында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылсын және бұзуға жатқызылсын.
2. Апаттық техникалық жай-күйіне және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты аталған құрылыс объектісін одан әрі пайдалануға жол берілмейтіні белгіленсін.
3. Объектіні апаттық деп тануға және бұзуға жатқызуға байланысты іс-шараларды орындаудың мынадай мерзімдері мен кезеңдері айқындалсын:
1) құрылыс объектісінің меншік иесі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті аймақта адамдардың болуына жол бермеу және апаттық құрылыс объектісіне рұқсатсыз кіруді шектеу жөнінде қажетті шараларды дереу қабылдасын;
2) апаттық тұрғын үйдің орнына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апаттық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беру мүмкіндігі меншік иесіне түсіндірілсін;
3) апаттық тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілген жағдайда, «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме коммуналдық меншікке өту рәсімі аяқталғаннан және онда тұратын адамдардан босатылғаннан кейін құрылыс объектісін бұзуды ұйымдастырсын;
4) меншік иесі апаттық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беруден бас тартқан жағдайда, құрылыс объектісін бұзу жөніндегі одан ары іс-шаралар Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 143 және 144-баптарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылсын.
4. Осакаров ауданы әкімінің аппараты осы қаулыны объектіні апаттық деп тану мәселесін қарау туралы хабардар етілген меншік иесіне (иелеріне) және өзге де мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жолдасын.
5. Осы қаулыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91–93-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Осы қаулы Осакаров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов
Орынд: А. Сағынтаев
87214943795