«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;
Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
«Қарағанды облысы бойынша Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы;
«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің түзету орталықтары.
- Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 5/4 «Инватакси қызметін алушылар үшін тізбе мен көрсеткіштерді кеңейту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- 3. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.