Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі |
Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған 10 сотық (0,10 га) жер учаскесін тегін алу үшін қайда жүгіну керек және қандай тәртіппен беріледі? |
Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар (10 сотық) жер учаскесін тегін алуға құқылы. Ол үшін «Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz) арқылы жер учаскесін алу кезегіне тұруға өтініш беру қажет. Жер учаскелері арнайы кезек тәртібімен, дайындалған алаңдар мен бос жерлердің болуына қарай беріледі. ЖТҚ үшін жер учаскесі аталған мақсатта бір рет қана тегін беріледі. |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар (10 сотық) жер учаскесі тегін беріледі. Жер учаскесін алу үшін төмендегі тәртіпті сақтау қажет:
Кезекке тұру жер учаскесінің бірден берілетінін білдірмейді. Жер учаскесін беру мерзімі бос жерлердің болуына, аумақтың дайындалуына және заңнамада белгіленген талаптардың орындалуына байланысты. Маңызды: Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесінің болуы немесе болмауы кезекке тұру құқығын айқындауда заңнамаға сәйкес ескеріледі. Егер азамат бұрын осы мақсатта мемлекеттен жер учаскесін тегін алған болса, оны қайтадан тегін алуға құқығы жоқ. Жер учаскесін игеру және оны жеке меншікке рәсімдеу қолданыстағы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексі, 43 және 50-баптар. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары. |
10 сотық жер, ЖТҚ, жер учаскесін тегін алу, жер кезегі, жер қатынастары, eGov.kz, жеке тұрғын үй құрылысы. |
|
2 |
Төлеби ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігі? |
"orken.otbasybank.kz" веб-порталы арқылы тұрады. |
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше қадамды орындау қажет. 1. Құжаттарды жинау: Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қажетті құжаттарды жинау қажет. Оларға мыналар кіреді: o Жеке куәлік немесе паспорт o Отбасы мүшелерінің құжаттары (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, мүгедектігі тұралы анықтама болған жағдайда т.б.) o Жұмыс орнынан анықтама o Табысы туралы анықтама 2. Өтініш беру: Әр азамат өз электрондық қолтаңба кілті арқылы «orken.otbasybank.kz» порталымен өтініш тастау керек. Өтініш формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет. 3. Кезекке тіркелу: Сіздің өтінішіңізде барлық талаптар орындалса, сіз тұрғын үй кезегіне тіркелесіз. Сізге кезек нөмірі беріледі. 4. Кезекті бақылау: Тұрғын үй кезегінің жағдайын бақылап отыру үшін orken.otbasybank.kzпорталы немесе «Отбасы банк» тексеріп тұру ұсынылады. |
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары» 71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу
|
Кезекке қою, кезек бойынша тұрғын үй беру |
|
3 |
Төлеби ауданының экономика және қаржы бөлімі |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына кімдер қатыса алады? |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы |
Әлеуметтік қолдау |
|
4 |
Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
Санаториялық-курорттық емделуге қалай барамыз? |
Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды алу үшін тіркелген жеріңіз бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға (емханаға) немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүгіну қажет. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – емханаға жүгінген кезде құжаттар тапсырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде, ал портал арқылы өтініш берген кезде құжаттар тапсырылған сәттен бастап 30 минуттан аспайды. |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды алу үшін азамат тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгінеді немесе мемлекеттік қызметті электрондық форматта алады. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі: Медициналық ұйымға жүгіну. Тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерге алдын ала жазылып, қабылдауға бару қажет. Қажетті құжаттарды ұсыну. Жеке басты куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжатты, сондай-ақ тиісті диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсыну қажет. Медициналық бағалау. Дәрігер ұсынылған медициналық құжаттарды және зерттеу нәтижелерін қарап, санаторийлік-курорттық емделуге қажеттілікті бағалайды. Қорытынды алу. Қызмет нәтижесі ретінде белгіленген нысандағы санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі. Қызметті онлайн алу жолы:
Мемлекеттік қызметке өтініш беру — gov.kz сілтемесіне өтіңіз. «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз. Өтініштің тиісті жолдарын толтырып, қажетті құжаттарды ұсыныңыз. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе қолжетімді болған жағдайда бір реттік SMS-пароль арқылы қол қойыңыз. Өтініштің мәртебесі мен нәтижесін жеке кабинеттен тексеріңіз. Қызмет көрсету мерзімі: Емханаға тікелей жүгінген кезде – 1 жұмыс күні ішінде; портал арқылы – құжаттар тапсырылған сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
Қызмет құны: Тегін. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 99 бұйрығы, 3-қосымша — «Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы — денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандары туралы. |
Санаторийлік-курорттық емделу, медициналық қорытынды, емхана, мемлекеттік қызмет, медициналық құжаттар, электрондық үкімет. |