Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

                     Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: 2026 жылғы 24 қыркүйектегі Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының № 24-21-28/1006 хаты және «Көкжөтел» диагнозы бойынша ауру жағдайының тіркелгені туралы 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 4 шұғыл хабарлама негіз болды.
  2. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
  4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 25.09.2026 - 22.10.2026 жж. аралығы
  5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
  6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында (мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1) «Көкжөтел» жұқпалы ауруының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 164-тармағының талаптары бұзылған.
  7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
  8. Қолданылған шаралар: 425 баптың 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/documents/details/1090864?lang=kk