Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының               97-бабы 5-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәлихаты                                             ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында бекітілген, Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді Екібастұз қалалық мәслихатының интернет-ресурсында оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

 

                                              Н. Макраев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090427?lang=kk