Екібастұз қалалық мәслихаттың VIII шақырылған кезектен тыс LI сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы                          3- тармағы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

2026 жылғы 5 қазан күні сағат 15.00-де Екібастұз қалалық мәслихаттың VIII шақырылған кезектен тыс LI сессия шақырылсын.

VIII шақырылған кезектен тыс LI сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 108/13 «Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 - 2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» № 296/38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 308/39 «Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 324/41 «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
  5. Екібастұз қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы (Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб туралы).
  6. Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 32/4 «Қалалық ономастикалық жұмыс тобы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 33/4 «Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090417?lang=kk