Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 шілдедегі № 256/31 «Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 шілдедегі № 256/31 «Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Комиссия құрамына:

Гульжан Шаяхметовна Зарлыкова – Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Комиссия төрағасы болып;

Акберген Кайрошович Жумабаев – «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі болып;

Медет Серекбаевич Шоканов – «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Комиссия құрамынан  К.А. Адильжанов, Ж.К. Токсамбаева, А.К. Токтубаева шығарылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090414?lang=kk