Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 243/29 «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 243/29 «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік кеңестің құрамын бекіту туралы» келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Кеңес құрамына:

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Гульжан Шаяхметовна Зарлыкова Кеңес төрағасы;

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Акберген Кайрошевич Жумабаев Кеңес мүшесі;

«Дустлик Хайот» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рустамджан Абуджанович Мамаджанов Кеңес мүшесі болып енгізілсін;

2) Кеңес құрамынан Ж.Б. Туребеков, Ж.К. Токсамбаева, А.М. Дворак шығарылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

      Екібастұз қалалық

 мәслихатының төрағасы                                                                 Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090407?lang=kk