«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 220/27 «Төтенше жағдайлардың алдың алу және жою жөніндегі қалалық комиссия туралы» 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 235/29 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Комиссия құрамына:
«Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі бастығының уақытша міндетін атқарушы Даурен Аскарович Кажкаримов (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары;
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Естаевич Акылтаев Комиссия мүшесі;
«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Акберген Кайрошевич Жумабаев Комиссия мүшесі;
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Мәди Асқарұлы Зайкен Комиссия мүшесі;
Екібастұз қаласы терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бас инспекторы Асия Бахриденовна Тлеуова Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан К.А. Адильжанов, Ж.Б. Туребеков, А.К. Кусаинов, А.М. Байдильдин, А.С. Хакимов, Ж.К. Токсамбаева шығарылсын;
3) Гульжан Шаяхметовна Зарлыкованың лауазымындағы «Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары» сөздері «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы» сөздеріне ауыстырылсын;
4) Азамат Жумажанович Копежановтың лауазымындағы ««Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы» сөздері ««Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы» сөздеріне ауыстырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Екібастұз қалалық
мәслихатының төрағасы Н. Макраев