Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтер ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
«Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Қызмет алу процесін жеңілдету мақсатында мекемеде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе маманның көмегімен ала алады.
2025 жылы 45 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" – 28 Мемлекеттік қызмет;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 17.
2. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс
Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсету жағдайларын жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік мекеме қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегіқ қызмет
Халыққа ХҚҚО және «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлееттік қызмет көрсету туралы ақпарат Instagram парақшасында жарияланды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Жоғары тұрған орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуды болдырмау мақсатында мамандары мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібі түсіндіреді.
5. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекетті қызмет көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру болашағы
Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділік пен қанағаттанушылығын арттыру болашағына мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.
Белозер ауылдық
округінің әкімі К. Кубеков