Екібастұз қалалық мәслихаттың VIII шақырылған кезектен тыс L сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы            3- тармағы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

2026 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 15.00-де Екібастұз қалалық мәслихаттың VIII шақырылған кезектен тыс L сессия шақырылсын.

VIII шақырылған кезектен тыс L сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 328/42 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» № 307/39 шешімінің күшін жою туралы шешім.
  3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 8/2 «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Екібастұз қалалық мәслихаты төрағасының міндеттерін жүктеу туралы.

 

 

    Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090240?lang=kk