Қоршаған ортаға әсер ету скринингін қарау туралы Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • «Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының бас жоспары. Түзету» Құжатының іске асырылуының негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын жобасы;
  • «Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының бас жоспары. Түзету» Құжатын іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;
  • «Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының бас жоспары. Түзету» Құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.

Жобалау ұйымы (СЭБ материалдарын әзірлеуші): Проектный институт «Казгипроград»1 ЖШС.       
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ.    
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер иә болса, бұл қандай әсерлер және неліктен Сіз оларды елеулі деп санайсыз?
  2. Жобаны бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халық денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неліктен?
  3. СЭБ жүргізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
  4. Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты Сізде өзге ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2026–2046 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 28 қазаннан 10 қарашаға дейін (пікірлер мен ұсыныстарды ұсынудың соңғы күні — 2026 жылғы 10 қараша).

Байланыс деректері: 
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
Экологиялық саясат департаменті 
Тел.: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83   
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Жазбаша түрдегі ескертулер мен ұсыныстарды:

  • электрондық түрде Экология министрлігі Кеңсесінің электрондық мекенжайына жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттарыңыздың Кеңсеге келіп түскенін +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет).

СЭБ материалдары:

  1. Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
  2. «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-architecture/documents/details/1090134?lang=kk