Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А. Есмурзаеваның баяндамасы

Мемлекет басшысы «Қазақстан–2050»Стратегиясында«жоғарыэтикаменкәсібиліктиімдімемлекеттікаппараттықұрудыңнегізгікритерийі болып табылатынын атап өтті.

Мемлекеттік қызметшінің ең басты мақсаттары мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, заңда белгіленген шектеулерді сақтауға бағытталу қажет.

Әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлық жергілікті және орталық атқарушы органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілген. Олардың басты мақсаты қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Есепті кезеңде Шымкент қаласының мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша арнайы дөңгелек үстелдер, құқықтық оқулар, жиналыстар өткізілді.

Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жолдаған хаттамалық шешімдері, ақпараттары, хаттарында көрсетілген мәліметтерді талқылау, тапсырмаларды орындау бойынша арнайы жиналыстар өткізілді

Бұл тұрғыда, Шымкент қаласы мәслихат аппаратында жүйелі негізде құқықтық оқулар өткізіледі, оқу барысында сыбайлас жемқорлық саласына қатысты заңнама талаптары кеңінен талқыланып, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қызметшілердің назарына үнемі жеткізіледі.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы                       23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына енгізілген өзгерістер талқыланды.

Атап айтқанда, аталған Заңның 20-бабының 2-тармағы «Мәслихат депутаты ретінде тіркелген адам өзіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды» деген нормамен толықтырылғаны қызметшілердің назарына жеткізілді.

Апта сайын өтетін аппараттық мәжілістерде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасаудың алдын алу мақсатында, аталған құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға үнемі талдау жасалып, ұжымда талқылауға салынды.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын есте сақтауға тиіс.

Осыған орай, мерекелік күндер қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан Әдеп кодексін және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналамыздағы адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты азғындық мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі туралы ескерту жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік әдепті бұзу фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде теріс, сыни жарияланымдар орын алмады.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама жүргізілді, нәтижесінде мәслихат аппаратында еңбекақы, бонустар,  материалдық көмек, жыл сайынғы еңбек демалысы, іссапар шығындары мерзімінде және толық төленуде екенін көруге болады. Сонымен қатар, қызметшілердің басым бөлігі олардың жалақысы отбасын материалдық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз деп санайтынын және мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мен сауықтыру үшін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту қажеттілігі туралы пікірлер білдірді.

Ұжымда қалыптасқан өзара қарым қатынас коллективтегі моральдық-психологиялық ахуал ұжымның жан-жақты табысты өсуіне тікелей әсерін беретіні айқын.

Осыған орай, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсарту бағыттарын анықтау мақсатында қызметшілер арасында электронды түрде сауалнама жүргізілді.

Аппарат қызметшілері тарапынан жан-жақты дамыған тұлға болуға, салауатты өмір салтын үнемі қолдауға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыстан тыс уақытта аппарат ұжымы бірлесіп мәдениет және демалыс мекемелеріне барып, қайырымдылық және қоғамдық жұмыстарға қатысып, волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп іс-шараларға қатысуда.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/documents/details/1090074?lang=kk