«Қаныш Сәтбаев атындағы № 2 мектеп» математика пәні мұғалімінің бос лауазымына конкурс жариялайды (орыс тілі)

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөліміне қарасты «Қаныш Сәтбаев атындағы № 2 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс тілінде оқытатын сыныптарға математика пәні мұғалімі (оқу жүктемесі – 10 сағат) бос лауазымына конкурс жариялайды.

Мекеме мекенжайы: 071408, Абай облысы, Семей қаласы, Сәтбаев көшесі, 218; кеңсе телефоны: 8 (7222) 502004; электрондық пошта: school_m_2@mail.ru

Конкурс өткізу мерзімі: 2026 жылғы 23 қазан – 2026 жылғы 4 қараша

Біліктілік талаптары Педагогтерге арналған үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біліктілік талаптары:

      тиісті саладағы жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім, болмаса педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат (жұмыс өтілі талап етілмейді); немесе тиісті саладағы техникалық және кәсіптік педагогикалық білім (жұмыс өтілі талап етілмейді).

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/documents/details/1089374?lang=kk