Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қарамеңді а.                                                                        «30» маусым 2026 жыл

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының                           5-тармағына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                     іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2016 жылғы                        19 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың (бұдан әрі – Талдау) объектісі Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметі болып табылады. Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 2026 жылғы 3 наурыздағы № 11-ө өкімімен жұмыс тобы құрылды. Ішкі талдау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың 2-жартыжылдығынан 2026 жылдың 1-жартыжылдығына дейін.

  1. Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

Талдаудың мақсаты: Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны жою.

Талдаудың міндеті: Наурзым ауданының мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.

  1. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес ақпарат көздері мыналар болып табылады:

  • Талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
  • Талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
  • Мемлекеттік органдардың талдау объектісіне қатысты бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелері;
  • Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижеелері;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
  • Талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • Талдау объектісінің лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және өзге де заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынулар;
  • Талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің фабулалары;
  • Бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері;
  • Бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері;
  • Талдау объектісінің қызметшілері мен қызметкерлерінен сауалнама алу нәтижелері;
  • Ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

 

І. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.1. Негізгі функцияларды іске асыру

Нормативтік база:

  • Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңы;
  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Republicсының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 300-VIII ҚРЗ Заңы;
  • «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VI ҚРЗ Заңы;
  • «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы;
  • «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы;
  • «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 маусымдағы № 416 Заңы;
  • «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ Заңы;
  • «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Заңы;
  • «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңы;
  • «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңы;
  • «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексі;
  • «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметіның 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысы;
  • «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы;
  • Наурзым ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен Наурзым ауданы ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мемлекеттік мекемелері туралы аудан әкімдігі қаулысының құрамындағы мемлекеттік мекемелер туралы ережелер;
  • «Наурзум Сервис» ЖШС Жарғысы.

Негіздеме: -

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ

Жою жөніндегі ұсынымдар: жоқ

 

1.2. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Нормативтік база:

  • «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы;
  • «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығы;
  • «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы;
  • «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын және мінез-құлық қағидаларын бұдан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
  • «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық;
  • «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы;
  • «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығы;
  • «Мәдениет, мәдениет саласындағы білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімен бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 маусымдағы № 209 бұйрығы;
  • «Кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы;
  • «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы;
  • «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы;
  • «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы;
  • «Мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау мен оңалту бағдарламасына сәйкес есту қабілеті бойынша mүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау miniстрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы;
  • «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;
  • «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік mүлік тізілімінің веб-порталында электрондық нысанда жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығы;
  • «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды өткізу қағидалары мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, орындау кезінде жұмысқа тұрғанда алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімді міндтиті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;
  • «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1038 қаулысы;
  • «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысы;
  • «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы;
  • «Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 қаулысы;
  • «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығы;
  • «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығы;
  • «Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандарын, мерзімділігін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығы;
  • «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 123 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы;
  • «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициялаумен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысы;
  • «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар», Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ бұйрығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Тәуекелдер жоқ

Негіздеме: Анықталған жоқ

Жою жөніндегі ұсынымдар: -

Мемлекеттік мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Мемлекеттік мүлікті бүлдіргені немесе ысырап қылғаны (талан-таражға салғаны) үшін жауапкершіліктен жалтару.

Негіздеме: Кейбір қызметкерлерде толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың болмауы.

Жою жөніндегі ұсынымдар: Наурзым ауданы ұйымдарының барлық қызметкерлерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалынсын.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Жетекші маманның лауазымдық нұсқаулығындағы дискрециялық өкілеттіктер.

Негіздеме: Салықтар жөніндегі жетекші маманның міндеттеріне ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету және бюджетке тапсыру кіреді. Салық жинауды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғаның халықтың ақшалай қаражатын иемдену тәуекелі туындайды.

Ұсынымдар: Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің алдын алу мақсатында, салықтар жөніндегі жетекші маманның функционалдық міндеттерінен салық төлемі үшін халықтан ақшалай қаражатты қабылдауды және бюджетке тапсыруды алып тастау керек.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Мемлекеттік мекеменің іс-номенклатурасында жұмысқа қажетті істердің болмауы немесе толық көлемде болмауы.

Негіздеме: Ішкі құжат айналымын мемлекеттік мекеменің бекітілген іс-номенклатурасына сәйкес жүргізу.

Ұсынымдар: Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері арасында «Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Үй шаруашылықтарын есепке алу кітаптарын толтыру кезінде үй жануарларының түрі мен саны туралы ақпараттың жануарлар иелерінің сөзінен жазылуы.

Негіздеме: Аула шаруашылықтарын есепке алуды жүргізетін мамандардың жануарларды ұстауға арналған орындарға кіру өкілеттіктері жоқ, соның салдарынан бұрыс статистикалық деректер қалыптасады.

Жою жөніндегі ұсыным: Ақпаратты жасыратын немесе бұрыс ақпарат беретін үй жануарлары мен құстарының иелері үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыру.

 

ІІ. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

2.1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау

Мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі шеңберінде персоналды басқару бағыты бойынша, соның ішінде лауазымдарды айқындауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады

.

Негіздеме: -

Ұсыным: -

 

2.2. Кадр саясаты:

Наурзым ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы штат саны 87 бірлікті құрайды, соның ішінде 6 бос лауазым бар.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Жоқ

Негіздеме: -

Жою жөніндегі ұсынымдар: Жоқ

 

Тәртіптік практика

 

2025 жылдың 2-жартыжылдығында тәртіптік жауапкершілікке 6 қызметкер тартылды. 2026 жылдың 1-жартыжылдығында тәртіптік жауапкершілікке 7 қызметкер тартылды.

Қызметкерлер тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бұзылған жоқ.

Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.

Еңбек тәртібін бұзған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерге қатысты теріс мәліметтер жарияланған жоқ.

Мүдделер қақтығысы: Жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Жоқ

Негіздеме: -

Жою жөніндегі ұсынымдар: Жоқ

Қаржы-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Жоқ.

Негіздеме: -

Жою жөніндегі ұсынымдар: -

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Жеке пайда алу мақсатында кәсіпорынның автомобильдері мен трактор техникасының жұмыс уақытын бұрыс есепке алу.

Негіздеме: GPS-трекерлердің жоқтығы қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану мүмкіндігіне әкеп соғады.

Ұсынымдар: GPS-трекерлерді сатып алу мүмкіндігі туралы уәкілетті органға жүгіну қажет.

Мүдделер қақтығысын реттеу

Мемлекеттік мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Мемлекеттік міндет пен лауазымды тұлғаның жеке мүдделері арасындағы қақтығыс.

Негіздеме: Лауазымды тұлғаның жеке мүддесі оның қызметтік міндеттері мен жауапкершілігін тиісінше орындауына теріс әсер етуі мүмкін.

Ұсынымдар: Мемлекеттік қызметшілерді мүдделер қақтығысының болуы туралы өтініштерді, шағымдарды, хабарламаларды тексеру нәтижелері туралы мерзімді түрде ақпараттандырып отыру.

 

2.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Білім беру бөлімі

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуі барысында талдау жасалған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту жағдайлары болған жоқ, мерзімдер бұзылмады, қызмет алушылардан қосымша құжаттар талап етілмейді. Басшының бұйрығымен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғалар тағайындалды. Жауапты тұлғалардың лауазымдық міндеттерінде мемлекеттік қызметтерді стандартқа сай көрсету функциясы жазылған және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапкершілік бекітілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: «Ата-ана құқықтарынан айырылған, балаға теріс әсерін тигізбейтін ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесілер арқылы жүзеге асырылады:

  • қызмет берушінің кеңсесі;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Негіздеме: Қызмет алушының қызмет берушімен тікелей байланыс жасау мүмкіндігін жою қажет, өйткені құжаттарды тікелей мемлекеттік органға тапсырған кезде қызмет алушы қызмет нәтижесіне жауапты маманмен тікелей байланысқа түседі.

Жою бойынша ұсынымдар: мемлекеттік қызмет көрсету стандартынан өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет берушінің кеңсесі арқылы беруді алып тастау.

Жер қатынастары саласында

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Қызмет алушының Қызмет берушімен тікелей байланысы. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Негіздеме: Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің жете өңделмеуіне байланысты «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеумен сату» мемлекеттік қызметі қағаз түрінде көрсетілген. Бұл қызмет алушының қызмет берушімен жеке байланысына әкеп соғады, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды. «Жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет фактісі анықталды. Заңды тұлғалардың өкілдері жария сервитут белгілеу үшін Аппаратқа өтінішпен және сұралып отырған жер учаскесінің схемасымен жүгінеді. Бұл өтініш қызметтік хат-хабар ретінде қарастырылады, осыған байланысты аталған функцияны іске асыру кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін бұл қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу қажет.

Жою жөніндегі ұсынымдар: Наурзым ауданы әкімінің аппаратына осы «жасырын қызметті» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы хат жолдау. Бейінді министрлікке «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеумен сату» мемлекеттік қызметін автоматтандыру туралы ұсыныспен хат жолдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Мүмкін болатын баю мақсатында белгілі бір қызмет алушыға басымдық беру ықтималдығы.

Негіздеме: «Кенттің, ауылдың жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінде белгілі бір қызмет алушыға басымдық беру ықтималдығы бар, өйткені бұл қызмет «Е-лицензиялау» АЖ-да көрсетілмейді.

Ұсынымдар: «Е-лицензиялау» АЖ-да «Кенттің, ауылдың жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсыну функционалын жетілдіру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Мүмкін болатын баю мақсатында құжаттар пакеті толық болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.

Негіздеме: Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тартуларды ұсыну мүмкіндігі.

Ұсынымдар: «Е-лицензиялау» АЖ-да қызмет алушыға жетіспейтін құжаттарды қоса тіркеу мүмкіндігін беру үшін «қызмет алушыға пысықтауға жіберу» қосымша функциясымен жүйені жетілдіру мәселесін қарастыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Ізденіс жұмыстарын жүргізудің нақты мерзімін белгілеу бөлігінде өтініш берушінің құқықтарын бұзу, яғни баю мақсатында жұмыстың бір түрі бойынша әртүрлі өтініш берушілерге әртүрлі мерзімдер белгілеу.

Негіздеме: «Ізденіс жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде рұқсат беру туралы өтініште өтініш беруші өтініштің қандай мерзімге берілетінін көрсетеді. Бұл норманы регламенттейтін НҚА-да бұл сәт нақтыланбаған, маманның рұқсаттың басқа мерзімін қою мүмкіндігі бар, осылайша қызмет алушының құқықтары шектелуі мүмкін.

Ұсыным: «Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына» мерзімдерді нақтылауды енгізу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Жер комиссиясы конкурс өткізген кезде басымдық беру тәуекелі.

Негіздеме: Жер учаскесін беру бойынша жер комиссиясын өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі комиссия мүшелерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану мүмкіндігінде болып табылады. Бұл тәуекел құжаттарды бұрмалау, жер учаскелерін объективті бағаламау, кейбір өтініш берушілерге басқалардан артықшылық беру немесе мемлекет мүдделеріне сәйкес келмейтін шешімдер қабылдау мүмкіндігінен көрінеді.

Ұсыным: Жер комиссиясы кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту үшін шешім қабылдауда ашықтық пен жариялылық тетіктерін енгізу ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Құқықтық олқылық (пробел).

Негіздеме: Жер кодексінің 43-бабының нормаларына сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде міндетті түрде уақытша жер пайдалану (жалға алу) шарты жасалады. Алайда, «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2-кезең» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, жер учаскесін ресімдеудің нәтижесі жергілікті атқарушы органның шешімі болып табылады. Өтініш берушілер уақытша жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу үшін жер қатынастары бөліміне жеке келуге мәжбүр болады, нәтижесінде қызмет беруші мен қызмет алушының тікелей байланысы орын алады, бұл белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қағидаттарына қайшы келеді.

Жою жөніндегі ұсыным: Бейінді министрлікке «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2-кезең» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы хат жолдау қажет. Келесі қадам ретінде – уақытша жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу және қызмет беруші мен қызмет алушының тікелей байланысын болдырмау үшін шартқа электрондық түрде қол қою тетігін іске асыру.

 

Ауыл шаруашылығы саласында

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Басымдық беру (ықылас таныту) тәуекелі.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларының» 2-тарауының 14 және 15-тармақтарына сәйкес, құжаттарды ресімдеу рәсімі аяқталғаннан кейін қызметті әрі қарай сүйемелдеу Қызмет алушымен тікелей байланысты, атап айтқанда техникалық жай-күйін бағалау мақсатында техниканы тексеруді қарастырады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Ұсынымдар: Мамандарды мамандандырылған жабдықтармен қамтамасыз етуді қарастыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы жоғары тұрған ұйымдарға жүгіну.

 

 

 

Экономика саласында

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Басымдық беру (ықылас таныту) тәуекелі.

Негіздеме: Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай бөліктерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар:

  • Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы оң немесе теріс шешім қабылдау;
  • Келісімшартта көрсетілетін несие сомасын мүлікті бағалау актісіне сәйкес үйдің құнынан жоғары белгілеу;
  • Мамандардың кезегіндегі құжаттарды сақтау мерзімдерінің бұзылуы (бір жылдан аз);
  • Мемлекеттік қызметті «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес тұлғалар санатына жатпайтын маманға көрсету.

Ұсынымдар: Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қолданыстағы заңнаманың белгіленген нормаларын қатаң сақтау, атап айтқанда қызмет көрсету мерзімдерін ұстану, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуларды және заңнамада көзделмеген құжаттарды талап етуді, сондай-ақ қажетті құжаттар болмаған жағдайда қызмет көрсетуді болдырмау.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Басымдық беру (ықылас таныту) тәуекелі.

Негіздеме: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 2 шілдеде № 7785 болып тіркелген) «Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже» негізінде тәуекел бар. Тұрғын үй комиссиясының негізгі міндеті мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы заңды шешім қабылдау болып табылады. Тұрғын үй комиссиясының шешіміне дауыс беру құқығы бар комиссия мүшелері қол қояды, осыған байланысты тұрғын үй комиссиясының құрамындағы жақын туыстары (ата-анасы (әкесі, шешесі), балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) иеленетін лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде ықтимал тәуекел туындайды.

Ұсынымдар: Мемлекеттік қызметті комиссияның қатысуынсыз көрсетуге арналған ақпараттық жүйенің функционалын әзірлеу.

Наурзым ауданы әкімдігінің «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Наурзым ауданы әкімдігінің «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.4. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру

Наурзым ауданының жергілікті атқарушы органдары бақылау-рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.5. Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде басымдық беру, бұзушылық фактілерін ашпау арқылы жауапкершіліктен жалтарту, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартпау.

Негіздеме: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жатады. Бұл өз кезегінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде басымдық беру, бұзушылық фактілерін ашпау арқылы жауапкершіліктен жалтарту, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартпау сияқты белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Ұсынымдар: Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі маманды аудан әкімі аппаратының бағыныстылығынан шығару.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Құқықтық олқылық (пробел).

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 615 қаулысымен бекітілген Тозуы (физикалық және моральдық) салдарынан, дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде жарамсыз болып қалған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің жойылуын және жойылуын ресімдеу қағидаларында мемлекеттік заңды тұлға жетекшісінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның шешіміне сәйкес мүліктің жекелеген түрлерінің жойылуын және жойылуын ресімдеу кезінде Комиссия құрамына қажеттілігіне қарай тиісті мамандар қосылатыны көрсетілген.

Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды жергілікті атқарушы органдар келіскен кезде, маман-сарапшыларды қалай анықтау керек, олар қандай біліктілік талаптарына ие болуы тиіс, бұл сарапшылар өз қорытындыларын шығарған кезде қандай жауапкершілікте болады деген сұрақ туындайды.

Сарапшылардың құзыретін реттейтін ережелердің жоқтығына байланысты, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мүліктің техникалық жай-күйі туралы сапалы қорытынды алу мақсатында сарапшылардың іс-әрекеттері регламенттелмеген.

Заңнамадағы аталған құқықтық олқылық нормативтік құқықтық актілерді еркін түсіндіру мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Жою жөніндегі ұсыным: Бейінді министрлікке Қағидаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен хат жолдау.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.6. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

 

Мемлекеттік мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Ұйым қызметкерінің өнім берушіден орындалған жұмыстар актісін жеке дара (жалғыз өзі) қабылдауы кезінде тараптар арасында сөз байласу тәуекелі туындайды.

Жою жөніндегі ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына міндетті түрде комиссия құру және шарт сомасына қарамастан объектіні (жұмыстардың барлық түрлерін) комиссия құрамында қабылдау туралы норма енгізілсін. Жұмыстарға арналған бұл процесті мемлекеттік сатып алу порталында да енгізу қажет (орындалған жұмыстар актісіне комиссия құрамында қол қою).

Нормативтік база: «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Ұйым қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың ЖК, ЖШС және т.б. нысанындағы кәсіпкер мәртебесі бар жұбайының (зайыбының) мемлекеттік сатып алуға өнім беруші ретінде қатысу мүмкіндігі.

Негіздеме: Шартты орындау кезінде ықтимал «жеңілдіктер» (жанашырлық) көрсету мүмкіндігі.

Жою жөніндегі ұсынымдар: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-бабының 1-тармағы келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген сәтте осы ұйымның қызметкері, не мемлекеттік сатып алуды өткізуші ұйым қызметкерінің жұбайы (зайыбы) болып табылса».

Нормативтік база: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Қолданыстағы заңнаманы білмеу салдарынан құқық бұзушылықтар жасау.

Негіздеме: Ұйым басшыларының мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауы.

Жою жөніндегі ұсынымдар: Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі заңдар тізіміне басқарушы құрам үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы бойынша сұрақтар енгізілсін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден шарттар жасасу, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау.

Негіздеме: Шарттарды тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші неғұрлым тиімді баға ұсынысы (ең төменгі баға) бар өнім берушіге басымдық береді, бұл болашақта ең жиі пайдаланылатын өнім берушіні (бағасына қарамастан) таңдауға әкелуі мүмкін.

Ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алуды «бір көзден алу» тәсілімен жасасуды азайту.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Мемлекеттік сатып алу порталында шаруашылық және кеңсе тауарларына хабарландыру құру кезінде автоматты түрде белгінің (ұлттық режимнен алып тастау) қойылуы, ST-KZ сертификатының талап етілуі.

Негіздеме: Экономиканың белгілі бір салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің (мердігерлердің, орындаушылардың) қолжетімділігін шектеу туындайды. Егер жұмыстар қазақстандық тектегі материалдардан және жабдықтардан орындалса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқа немесе көшірме, не уәкілетті ұйым куәландырған Тауардың шығу тегі туралы ST-KZ сертификатының көшірмесі ұсынылады, алайда өнім берушіде бұл сертификатты алу немесе қоса тіркеу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді.

Ұсыным: Бейінді министрлікке «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер енгізу және өнім берушілердің барлық санаттарының қатысуын қамтамасыз ету туралы хат жолдау. Бейінді министрлікке тауардың шығу тегі туралы ST-KZ сертификатын ұсыну шарттарын өзгерту туралы хат жолдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және оларды тиісті тізілімге енгізу туралы шаралар қолданбау.

Негіздеме: Өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуіне байланысты шарттарды біржақты тәртіппен бұзу.

Ұсынымдар: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қатаң сақтау. Сатып алу саласындағы мемлекеттік мекеме қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Мемлекеттік сатып алудың ашық өткізілуіне және бухгалтерлік есептің жүргізілуіне тұрақты бақылау жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Мемлекеттік сатып алу порталында шарттар жасасу кезінде ҚҚС-ты қате төлеу.

Негіздеме: Мемлекеттік сатып алу сайтында өнім берушілер туралы ақпараттың ҚҚС бөлігінде тексерілмеуі.

Ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алу порталында шарттар жасасу кезінде ҚҚС-тың қате төленуін болдырмау мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің бар-жоғын сұрату, оның ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелген-тіркелмегенін тексеру қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Басымдық беру (ықылас таныту) тәуекелі.

Негіздеме: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс рәсімдерін өткізу кезінде техникалық ерекшелік қолайлы өнім берушінің сипаттамаларына сәйкес қалыптастырылуы мүмкін.

Ұсынымдар: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жоспарлау және іске асыру кезінде осы бағдарламалардың, ерекшеліктердің деректеріне толық егжей-тегжейлі талдау жүргізу, жоспарланған іс-шараларға сәйкес есептеулер жүргізу.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындаской сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Анықталған жоқ

Негіздеме: -

Ұсынымдар: -

 

2.7. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

 

Наурзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппаратында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының тексеруі жүргізілді (2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 Қорытынды).

 

Бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит барысында оларды мақсатсыз және тиімсіз қолдану фактілері анықталды. Бұзушылықтар мынадай мәселелерге қатысты болды: 1) Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылаудың жеткіліксіздігі; 2) Шығыстарды уақтылы жоспарламау және шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторингтің әлсіздігі; 3) Бөлек шығындардың экономикалық мақсаттылығына тиісті бағалаудың болмауы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Тексеру барысында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің белгілері анықталған жоқ, алайда ішкі бақылауды ұйымдастырумен және бюджет қаражатын басқарумен байланысты жүйелі тәуекелдер атап өтілді.

Негіздеме: Анықталған бұзушылықтар басқарушылық және ұйымдастырушылық кемшіліктер сипатында болды, бұл тексеру комиссиясының қорытындысымен расталады. Олар бюджеттік әкімшілендіру тиімділігінің төмендегенін және қаржылық жоспарлау саласындағы тәртіпті күшейту қажеттілігін айғақтайды.

Жою жөніндегі ұсынымдар: 1) Шарттардың орындалуына және жұмыс сапасына тұрақты ішкі мониторинг жүйесін енгізу; 2) Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және шығыстардың уақтылы жоспарлануына бақылауды күшейту; 3) Аппарат қызметкерлері үшін қаржылық тәртіп және сатып алуды басқару мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру; 4) Ашық есепке алу мен есептілік үшін цифрлық құралдарды пайдалану.

 

2.8. Салықтарды және өзге де төлемдерді жинау

 

Ауданның ауылдық округтері көлік, мүлік, жер салықтарының салық төлеушілерін есепке алу, жеке тұлғалардан салықтардың осы түрлерін жинау бойынша жұмыстар жүргізуде. Салық міндеттемесін орындау үшін тоқсан сайын салық есептері тапсырылады. Аппарат мамандары салық міндеттемесін есепке алуды жүргізеді. Ай сайын жалақы бойынша міндетті салықтар есептеліп, аударылады. Халыққа салықтарды төлеу қажеттілігі туралы хабарлау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Салық төлеу мерзімі өткеннен кейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Костанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурзым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (бұдан әрі – МКБ) салық төлеушілердің көлік, мүлік және жер салықтары бойынша берешектері туралы хабарлама жібереді. Борышкерлерге хабарламалар жолданады. «Парус-Каз» АЖ-да аппарат мамандары берешекті анықтау үшін ақшалай қаражаттың түсуін қадағалайды. Хабарлама бойынша салықтар төленбеген жағдайда МКБ сотқа талап арыз жолдайды. Сот шешімі бойынша сот бұйрығы борышкерге жіберіледі. Салық берешегі бойынша тізімдер тұрақты бақылауда болады.

Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің және «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде салықтарды және өзге да төлемдерді жинау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.9. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

 

Мемлекеттікки мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Шарт талаптарын бұзу және шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамау.

Негіздеме: 1) Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушімен алдын ала сөз байласу бойынша көрінеу жоғарылатылған бағаны белгілеу;

2) Техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «бейімдеу», сатып алудың конкурстық емес тәсілі, өтінімдерді формальды негіздер бойынша қабылдамау, балдарды бұрыс есептеу арқылы еркін жоспарлау, бәсекелестікті шектеу мүмкіндігі; 3) Шартты орындау кезінде сәйкестікті бақылауды жүргізбеу, жалған актілер бойынша сәйкес келмейтін тауарды қабылдау және оларға ақы төлеу; 4) Тауардың шығу тегі туралы ST-KZ сертификатын талап етпеу; 5) Сот талап арызын уақтылы бермеу жосықсыз өнім берушіні жауапкершіліктен босатады.

Ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау, Мемлекеттік сатып алу жоспарын уақтылы орналастыру. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау кезінде өнім берушілермен есеп айырысу бөлігінде Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын сақтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Конкурстық рәсімдердің шарттарын бұзу.

Негіздеме: Бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық рәсімдерді өткізген кезде: 1) Конкурстық рәсімдерге қатысуға формальды негіздер бойынша негізсіз жіберу немесе шеттету; 2) Конкурстық рәсімдерге қатысуға жіберілген өнім берушілерге шартты жеңілдіктер беру үшін конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу; 3) Нақты бір өнім берушінің пайдасына техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «бейімдеу».

Ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу кезінде алқалы шешім қабылдау, электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беруді болдырмау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Құрылысқа байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде жұмыстардың орындалуын растайтын құжаттар Шартта және қоса берілген техникалық ерекшелікте оның шарттары болып табылатыны көзделеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы жол парақтарын да қоса береді.

Негіздеме: Мердігер толтырған жол парақтары орындалған жұмыстар актісін бекіту және орындаушы жазып берген шот-фактураларды қабылдау үшін растаушы құжаттар болып табылмайды. Жұмыс орындаушы жұмыстарды Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікпен тапсырыс берушіге толық тапсырған және тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне қол қойған жағдайда орындалды деп есептеледі.

Ұсынымдар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын қатаң сақтау. Мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді шартқа және қоса берілген техникалық құжаттамаға қатаң сәйкестікпен қабылдау.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.10. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

 

Мемлекеттік мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі шеңберінде ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Цифрландырудың болмауы немесе толық болмауы.

Негіздеме: Қаржы қаражатының жоқтығы себебінен цифрландыруды қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы.

2.11. Сот практикасы

 

Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.12. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

 

Мемлекеттік мекемелердің қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Өтініштерге берілген жауаптарда қабылданған шешімге шағымдану құқықтары туралы түсіндірмелердің болмауы.

Негіздеме: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес қабылданған шешімге шағымдану мүмкіндігін көрсету қажет.

Ұсынымдар: Біліктілікті арттыру семинарларына қатысу, тәжірибелі мамандармен кеңесу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Келіп түскен өтініштің түрін бұрыс таңдау.

Негіздеме: Өтініш «өтініш» ретінде түсті, алайда тыңдау рәсімдерін болдырмау мақсатында өтініш түрін жеңілдетілген рәсіммен жүзеге асырылатын «сұрау салу» күйіне өзгерту фактісі мүмкін, бұл «Е-Өтініш» АЖ-да өтініштерді қарау кезінде ЖЛ-1 карточкасының статистикалық деректерін бұрмалайды.

Ұсынымдар: Лауазымды тұлғалар ҚР ӘРПК нормаларын, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын мұқият зерделеуі тиіс.

«Наурзум Сервис» ЖШС қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Кіріс/шығыс хаттарды электрондық тіркеу.

Негіздеме: Кіріс/шығыс құжаттаманы есепке алу ресми электрондық пошта, Е-өтініш электрондық жүйесі, номенклатура (есепке алу журналы), факс арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынымдар: Кіріс/шығыс корреспонденцияны есепке алудың қолданыстағы жүйелері бойынша жұмысты жалғастыру.

 

2.13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру

 

Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

2.14. Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

 

Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қорытынды

Жүргізілген мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 14 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Наурзым ауданы әкімдігінің «Наурзум Сервис» ЖШС қызметі шеңберінде 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

 

 

Наурзым ауданының әкімі:                                              М. Ө. Ихтиляпов

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

Наурзым ауданы әкімінің орынбасары,

жұмыс тобының төрағасы                                                   А. Т. Тілеубергенов

 

«Наурзым ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің  заң бөлімінің

бас маманы, жұмыс тобының хатшысы                               А. Е. Қалмақова

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Наурзым ауданының Қоғамдық кеңес

төрағасы (келісім бойынша)                                                             А. Д. Хаудан

 

«Наурзым ауданы әкімінің аппараты» ММ

персоналды басқару (кадр қызметі)

қызметінің жетекшісі                                                               А. М. Искендирова

 

«Наурзым ауданы әкімінің аппараты» ММ

қаржы-шаруашылық бөлімінің жетекшісі                              Ж. К.Әбенова

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-naurzum-audany-akimat/documents/details/1088805?lang=kk