«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

 

Орал қаласы                                                        «4» маусым 2026 жыл

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес: «Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды», сондай-ақ БҚО облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2026 жылғы 6 мамырындағы №27/1 бұйрығына сәйкес.

     Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылды.
     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың негізгі қағидалары – заңдылық, объективтілік, жан-жақтылық және ашықтық болып табылады.
     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:
2025 жылдың 1 маусымынан - 2026 жылдың 31 мамырына дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға немесе мемлекеттік функцияларды не оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға үміткер адамдар жұмысқа орналасқысы келетін ұйым басшылығына сол ұйымдағы жақын туыстары, зайыбы (жұбайы) және (немесе) қайын туыстары жұмыс істейтіні туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 7-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші өзiнің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, туған және туыстас ағайындары, атасы, әжесі, немерелері), зайыбы (жұбайы) және (немесе) қайын туыстары (жұбайының туған және туыстас ағайындары, ата-анасы мен балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымды иелене алмайды, сондай-ақ өзінің тікелей бағынысында жақын туыстары, зайыбы (жұбайы) және (немесе) қайын туыстары болмауы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің қызметінде мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада көзделген мүдделер қақтығысы болмауы тиіс. Заңның 1-бабы 17) тармақшасына сәйкес, мүдделер қақтығысы – бұл мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, оның нәтижесінде мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға мүдделер қақтығысы болған жағдайда өз лауазымдық міндеттерін орындауға тыйым салынады, сондай-ақ олар мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың өтініштері бойынша немесе өзге де көздерден ақпарат алынған жағдайда тікелей басшысы не ұйымның басшылығы мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу бойынша Заңда көзделген шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.

ҰСЫНЫС: Басқармада мүдделер қақтығысы, басқарма басшысымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің байланыстылығы, кадрлардың ауысу себептері, қызметкерлердің жұмыстан шығуы, жақын туыстардың, жұбайлардың және қайын туыстардың бірлескен жұмысы, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауы жүргізілді.

Талдау кезеңінде басқарма қызметкерлері мемлекеттік органдарда мүдделер қақтығыстарын басқару бойынша әдістемелік ұсыныстармен таныстырылды.

Талдау нәтижесінде дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес, басқарма мемлекеттік қызметтермен айналыспайды.

Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма бақылау және қадағалау функцияларымен жүктелмеген.

Ұйымдастыру-басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелерді жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.                 «Ірі маңызды топтық және жергілікті су жабдықтау жүйелерінен ауыспауы мүмкін ауыз су көздерінен ауыз су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында, тұрғындарға ауыз суды қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың ауыз суды жеткізу қызметтері субсидияланады, бұл қызметтер тұрғындарға қолжетімді тарифпен су жабдықтау мақсатында беріледі.

ТӘУЕКЕЛ: Субсидиялау туралы есептер қағаз түрінде тапсырылуда (қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей байланысы бар).

ҰСЫНЫС: Есептерді электронды түрде тапсыру үшін ақпараттық жүйені әзірлеу қажет.

Коррупциялық тәуекелдерді анықтау — кадрларды басқаруға байланысты

Басқарманың штат саны — 21 штаттық бірлік. Құрылым бойынша басқармада 5 бөлім бар:

·                 Басқарма басшысы — 1 бірлік

·                 Басқарма басшысының орынбасарлары — 2 бірлік

·                 Тұрғын үй қатынастарды дамыту бөлімі — 3 бірлік

·                 Коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімі — 4 бірлік

·                 Әкімшілік және қаржылық жұмыстар бөлімі — 6 бірлік

·                 Энергетика және перспективті даму бөлімі — 3 бірлік

·                 Мұнай-газ кешенін дамыту бөлімі – 2 бірлік

2021 жылдың қазан айынан бастап барлық конкурстық рәсімдерді БҚО облысы әкім аппаратының Бірыңғай кадрлық басқару қызметі жүргізеді.

Ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдау нәтижелері бойынша, заңда көзделмеген артықшылықтарды (претекционизм, туған-туыстық қатынастар) бос лауазымдарға конкурс өткізуде беру фактілері анықталған жоқ.
          Басқармадан негізсіз қызметтен босату немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту фактілері анықталмаған.

Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелерге байланысты коррупциялық тәуекелдерді анықтау:

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін бөлінген бюджет қаражаттарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары бекітілді. Ішкі талдау нәтижесінде басқарманың мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға жауапты тұлғаларына туыстық, жұбайлық немесе жақын туыстық қатынастағы әлеуетті жеткізушілердің қатысуы фактілері анықталған жоқ.

 

 

Комиссия төрағасы:                                        К.Умралиев

Комиссия мүшелері:                                        А.Абуева

А.Ашиков

Н.Сатыбалдиева

Л.Вертяшкина

А.Жасталап

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-energy/documents/details/1088090?lang=kk