|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Қуатбаев көшесі №5 үйдің Қазақтелеком мекемесіне қарасты желі үзілген. Жалпы ауылішілік желілерді ауыстыру |
Тұрғынның үйінің интернет желісін қалпын келтіру және қисайған бағаналар мен кабельдерді ауыстыру жұмыстары жүргізілді. |
|
2 |
Егілген сексеуілдің шарбағы құлап жатыр. Ретке келтіру
|
Сексеуіл алаңын қоршауын ағымдағы жөндеу жұмысына қаражат бөлінді. Алайда облыстық ресурстар және табиғат реттеу басқармасынан балансқа берілмей тұруына байланысты қаражат бюджетке кері қайтарылды. |
|
3 |
Салынған саябаққа тал егу |
Жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы 2025 жылдың 4 маусымында алынды. Мердігер мекеме-«TREU» ЖШС. Бюджеттен қаражат сұратылып 2026 жылдың 08 маусым айында өтінім жолданды. Алайда, қаражат бөлінген жоқ. |
|
4 |
Асфальт жолдың екінші кезеңін бастау |
Майкөмген ауылының автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңінің жобасына түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары үшін қаражат сұратылуда. |
|
5 |
Термитпен күресу жұмыстарын жүргізу |
Майкөмген ауылында тұрғын үйлерді термит зиянкесінен қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында мамандар термиттердің таралу ошақтарына, тұрғын үйлер мен аулаларда тиісті өндеу жұмыстарын жүргізді. ***Мердігер мекеме ИП "Дүйсенов". |
|
6 |
Спорт мектебінің жанынан бокс залын іске қосу
|
№5 "Жылыой аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі тарапынан спорт мектебінің жанындағы бокс залын іске қосу үшін ток көзі мен жылу қазандығына сұранысқа бюджеттік өтінім берілді. |
|
7 |
Мектептің құрылысын бастау |
Майкөмген ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысын салу үшін "Теңізшевройл" ЖШС "Игілік" бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың 12 қазанында басталды. |
|
8 |
Жолдың екінші кезеңіне емхана мен балабақшаға баратын жол салуды қарастыру
|
Майкөмген ауылының автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңінің жобасында қарастырылған. |
|
9 |
Сынған аялдамаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Сынған аялдамаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекеме "Армандастар Атырау" ЖШС-не тапсырма берілді. |