Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражановтың 2026 жылдың І жартыжылдығында Жаңа Қаратон кентінің тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

 

№

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалысы

1

Кентке техникалық су жүргізіле ме?

 

Жаңа Қаратон кенті бойынша тұрғындарға қосымша техникалық су желілерін жүргізу үшін кентті техникалық сумен қамтамасыз етіп отырған "Теңізшевройл" ЖШС-не су көлемін көбейту жөнінде хат жолданды.  Аталған мекеменің жауап хатына сәйкес, су мөлшерін көбейтуге мүмкіндік жоқ деген жауап алынды. Қазіргі таңда кент аумағында кәріз жүйелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба аясында кентке Кәріз суын тазалау станциясы салыну қарастырылған.  Құрылыс жұмысы аяқталған кейін Кәріз тазалау станциясынан шығатын техникалық су көлемі анықталған соң, кентішілік техникалық су құбырларын жүргізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

2

Жеке қосалқы шаруашылыққа жер бөлу

2022 жылғы 6 қарашада №06-03-12/625 хатпен аудандық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөліміне кент әкімімен кентте халыққа қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелерін белгілеп, бас жоспарға енгізіп беруге ұсыныс жолданды. Қазіргі уақытта бас жоспар бекітілген жоқ.

3

Су есептегіш құралды (счетчик) ауыстыру керек деп жазды чаттарға. Біз оны қондыра алмаймыз.  Мәселені шешу

"Жылыойсу" МКК тарапынан Жаңа Қаратон кентінің тұрғынының үйіне су есептегіш құралы қондырылды.

4

Екінші аллеяның  ішіндегі отырғыштарды және төсемтастарды түзету,  МАФ қою мәселесін қарастыру

Жылыой ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №184 «Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №526 «Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен екінші аллеяға ағымдағы жөндеу жұмысына қаражат бөлінді. Камералдық бақылау тексерісінде тұр.

5

Қоғамдық кеңістіктер жобасын ауылдық елді мекендерде қайта жалғастыру

«Теңізшевройл» ЖШС «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы 2026 жылы Құлсары қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.  

6

Кент ішіне креативтік мәдени орталық салу мәселесін қарастыру

 

Жаңа Қаратон кентінде мәдениет үйі құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген уақытта ғимаратынан бөлме қарастырылатын болады.

7

№23 мектептің ауласында қазылған  кәріз жүйесінің жерін қоршау және  тиісті белгі орнату

Жаңа Қаратон кентіндегі кәріз жүйелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар,  мектептің шарбағындағы кәріз жүйесін мектеп сыртына ауыстыру жұмыстары жоба аясында қамтылатын болады.

8

№23 мектептің айналасына тал егу 

Жаңа Қаратон кенті №23 жалпы орта білім беретін мектептің ауласына тал отырғызу кент бюджетінен қарастырылмаған. Алайда, мектептің ауласына орналасқан спорт алаңы айналасына тал отырғызу кент ішіне тал отырғызу кезінде жүзеге асырылады. Жылыой ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №184 «Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №526 «Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен Жаңа Қаратон кентіне 200 дана тал отырғызуға қаражат бөлінді. Күз айларында жұмыстар жүргізілетін болады.

9

Теміржолдың үстінен  көпір салу 

           

Аудандық теміржол бойының үстіне көпір орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қаражат сұратылу жұмыстары жүргізілуде.

10

Амбулаторияның жапсарлас ғимаратын қалпына келтіру

ҚҰРЫЛЫС: Жаңа Қаратон кентіндегі амбулаториясының жапсырма ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарына тапсырыс беруші Атырау облысы Құрылыс басқармасы. Аталған басқарма тарапынан тиісті жұмыстар зерделеніп, жүргізілетін болады.  

11

Кент ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу 

 

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі тарапынан: Жаңа Қаратон кентінде 22,716 шақырым ескі асфальт жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуге аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдеер жолдары бөлімімен сұраныс берілді.                                                                  

Жаңа Қаратон кенті әкімдігі тарапынан: Кенттегі бүлінген асфальт жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына Жылыой ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №184 «Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №526 «Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен қаражат бөлінді. Кент аумағында бұзылған асфальт жолдарға (жалпы ауданы 500 м2) "Нурадианс" ЖШС-гі  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыстар толығымен аяқталды.

12

Су айдау станциясына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізу

Жылыой аудандық ТҮКШ және ТИ бөлімі тарапынан су айдау станциясын толықтай қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Жоба жасақталуда.

13

Су айдау станциясының аумағына жарық жүргізу

Кенттегі су айдау станциясының аумағына жарық қондыру жұмыстары жүргізілді.

14

2-6 кварталға газ жүргізу 

 

Қазіргі уақытта мердігер мен  «Жылыой газ» мекемесі арасында  келісім шарт жасақталды. Келісім шартқа сәйкес, жұмыстардың 50% ақысы төленгеннен кейін газ құбырына қысым сынағын жүргізу және оны қабылдау жұмыстары жүргізіледі. «Жылыой газ» мекемесі газ құбырының толық жұмыстарын тексеріп, қабылдағаннан кейін нысан белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін болады.

15

2-6 кварталға жол салу

Аталған кварталдарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталмаған және тұрғын үй құрылысы жүргізілмегендіктен автомобиль жолдары құрылысы жобасын іске асыру уақытша тоқтатылды. Инфрақұрылым толық қамтамасыз етіліп, тұрғын үй құрылысы жүргізілгеннен кейін жобаны қайта өзектендіру және іске асыру мәселесі қаралатын болады.

16

«Ақ отау», «Болашақ» көшесінің бойында көліктер қатты жылдамдықпен жүреді. Шарасын алу 

«Ақ отау», «Болашақ» көшелеріндегі жол белгілері ҚР қолданыстағы заңнамасы мен стандарттарына сәйкес орнатылған.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/documents/details/1087820?lang=kk