|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Ауылдағы амбулаторияның жылу батареялардың секцияларын көбейту |
Ақкиізтоғай дәрігерлік амбулаториясының жылу батереяларының секцияларын көбейту жұмыстары жүргізілді. |
|
2 |
Амбулаториядағы генераторды жөндеп, іске қосу |
Ауылдық амбулаторияға жаңадан генератор қондырылып, іске қосылды. |
|
3 |
Жайылымдық жерді анықтап беру |
Ауылдық елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлерді белгілеу туралы қаулы дайындалуда. |
|
4 |
№54 автобус Қарағай елді мекеніне кіріп, Ақкиізтоғай ауылына келеді. Ақкіизтоғай ауылына бөлек автобус шығару |
Қазіргі уақытты №54 маршрут бойынша Құлсары-Ақкиізтоғай бағытына қатынайтын қоғамдық көлік Қарағай елді мекеніне кіріп-шығуына байланысты аз ғана қосымша уақыт жұмсайды. Алайда бұл жағдай Ақкиізтоғай бағытына қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсету сапасына кері әсерін тигізбейді және қоғамдық көлік бекітілген маршрут кестесіне сәйкес уақытылы қатынуды жалғастыруда. Сонымен қатар қазіргі таңда Қарағай елді мекеніне жеке маршрут ашуға мүмкіндік жоқ. |
|
5 |
Жем өзенінен техникалық су тарту |
Ақкиізтоғай ауылына және парктерге техникалық су құбырын тарту үшін қаражат бөлінді. Аталған жұмыс бойынша Мердігер мекемеге келісім шарт жолданған болатын, алайда Камералдық бақылау жүргізу мекемесі тарапынан көрсетілген жұмысқа ТЖҚ коды сәйкес келмейтіндігі анықталып, шарт орындаусыз кері қайтарып алынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізіп, жұмысқа сәйкес келетін ТЖҚ коды өзгертіліп, келісім шарт жасақталып, қайтадан камералдық бақылаудан қайта тексеруден өтуде. |
|
6 |
Ауылдағы сынған аялдамаларды қалпына келтіріп, бейнекамера орнату |
Сынған аялдамалар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Бейнекамера қондыру жұмыстары Жылыой аудандық полиция басқармасының нұсқамасымен кеңейту жобасы аясында орнату мүмкіншілігі қарастырылатын болады. |
|
7 |
Ғ.Мұратбаев көшесіндегі ескірген ойын алаңындағы екі әткеншекті алып тастау |
Ғ.Мұратбаев көшесіндегі ескірген ойын алаңындағы екі әткеншек алынды. |
|
8 |
Балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Сыпыра Жырау, Ғ.Муратбаев және М.Сатыбалдиев көшелеріндегі балалар ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, келісім шартқа отырды. Құрылыс жұмыстары басталды. |
|
9 |
Аралтөбе қорымына баратын жолға асфальт қалдықтарын төсеу |
"Казкомсервис" ЖШС-нің демеушілігімен Аралтөбеге баратын жол тегістелді. |
|
10 |
Ауылға жаяу жүргіншілер жолы отырғыштарымен бірге салып беру |
Ауылішілік 8,6 шақырым автомобиль жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына мердігер мекеме “АВС” ЛТД жеңімпаз болып аңықталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме өз жұмыстарын бастап, жұмыстар жүргізілуде. |