«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2022 жылғы 20 шілдедегі

№ 594 бұйрығына

12-қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 8 қазандағы

№ 644 бұйрығына

9-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) көліктегі құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылауды және қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды (бұдан әрі – реттелетін сала) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Департаменттің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
  7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2А.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022.26.10. №941 бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке заңдармен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджетке жiберіледi

Ескерту. 12-тармағына өзгерістер енгізілді – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026.13.10. №141 бұйрығымен.

 

2-тарау. Департаменттiң мiндеттерi, құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. Міндеттері:

1) реттелетін салада іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

2) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан реттелетін сала мәселелері бойынша ақпарат сұрату және алу;

2) жеке және заңды тұлғалар Департаменттің және Комитеттің Департаментке ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды жеке және заңды тұлғалар орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сотқа жүгіну;

3) Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне реттелетін сала мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;

4) реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

5) өз құзыретінің шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру;

6) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

8) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

4) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

5) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

6) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

6-1) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

7) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру;

8) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторигтеу;

9) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласында профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;

11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды қамтамасыз ету;

12) алып тасталды – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023.06.03. №141 бұйрығымен;

13) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;

14) өз құзыретінің шегінде тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

15) реттелетін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингтеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтару);

15-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату туралы не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәлік беру.

16) құзыретінің шегінде биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу;

17) коллекциялық қызметті есепке алу және мониторинг жүргізу;

18) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қысымша беруді жүзеге асыру;

19) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беруді жүзеге асыру;

20) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіпті деп танылған биологиялық заттардың есебін жүргізу үшін мәліметтер беру;

21) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

22) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындау;

23) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құру;

24) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде байланыссыз термометрия жүргізуді және қажет болған жағдайда инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды оқшаулауды жүзеге асыру;

25) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

26) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін реттеуді жүзеге асыру;

27) медициналық қалдықтардың айналысын бақылауды жүзеге асыру;

28) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

29) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;

30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына аттестаттау жүргізу;

32) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына қатысты маманды сертификаттауды жүргізу;

33) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес шекараларды санитариялық қорғауды қамтамасыз ету, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

34) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру;

35) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ санитариялық-карантиндiк қадағалауды жүргізу барысында оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупiн төндіретіні анықталған жүктер мен тауарларды әкелуге жол бермеуді жүзеге асыру;

36) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуді ұйымдастыру;

37) жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесінде өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен болған кәсіптік аурулар және (немесе) улану жағдайларына тергеп-тексеру жүргізу, сондай-ақ есепке алуды жүргізу;

38) мыналарды:

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

39) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескерту. 15-тармағына өзгерістер енгізілді – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024.14.06. №385 бұйрығымен.

 

3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезінде басшысының мәртебесi мен өкiлеттiктері

 

  1. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Департамент басшысының өкілеттіктері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Комитеттің басшысының келісуі бойынша Департамент басшысының орынбасарларын;

Департаменттің қызметкерлерін;

Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, басшыларының орынбасарларын және қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Департамент басшысының орынбасарларын;

Департаменттің қызметкерлерін;

Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, басшыларының орынбасарларын және қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

3) мыналарға:

Департамент басшысының орынбасарларына;

Департаменттің қызметкерлеріне;

Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына, басшыларының орынбасарларына және қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) мыналардың:

Департамент басшысы орынбасарларының;

Департамент қызметкерлерінің;

Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының, басшыларының орынбасарларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерiнiң ережелерiн бекiтедi;

6) Департаменттің жұмыс регламентін бекітеді;

7) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;

8) заңнамаға сәйкес Департаменттің атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылық білдіру және талап қою туралы шешім қабылдайды;

9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға бағытталған шараларды қабылдайды.

Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

  1. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

Ескерту. 19-тармақтың 1), 2), 3) және 4)тармақшаларна өзгерістер енгізілді – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026.13.10. №141 бұйрығымен.

 

4-тарау. Департаменттің мүлкі

 

  1. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Департаментке бекiтіліп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Көліктегі департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Көліктегі Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шығыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023.06.03. №141 бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023.06.03. №141 бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Орал бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/documents/details/1086802?lang=kk