2026 жылғы 3 тоқсандық есепке талдамалық анықтама

Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 991 мемлекеттік қызмет көрсетілді, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы – 135 қызмет, электрондық түрде – 856 қызмет, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 547 қызмет, «Е-лицензиялау» - 171 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 138 қызмет.

Есепті кезеңде тұрғындармен 15 ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді, қалалық «Aqsham» телеарнасында 1 «Елге қызмет» телебағдарламасы түсірілді, 2 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі және 1 «Қызмет алушылар күні» өткізілді. 

Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған Egov.kz.ақпараттық стендтер орналастырылды. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 10 жарияланым орналастырылды, 150-нен астам брошюралар таратылды. Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды, онда тікелей эфирлер өткізіледі, өзекті ақпарат орналастырылады.

Барлық мемлекеттік мекемелер жұмыста заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестері бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/documents/details/1086794?lang=kk