Азаматтық қорғаныс органдарына орналасуға конкурс

Хабарландыру

Ақмола облысы ТЖД, 020000, Көкшетау қ. Әуелбекова к-сі, 87, электрондық мекенжай ok_spasr_akm@emer.kz анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғаныс органдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Радиотелефоншы, диспетчері  С-SV-13 санаты (4 бірлік):

1) Көкшетау қаласы ТЖБ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  радиотелефоншы лауазымына (1 бірлік).

2) Көкшетау қаласы ТЖБ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеніңе) радиотелефоншы лауазымына (1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты - 153433  теңгеге дейін + арнайы атағы.

            Функционалдық міндеттері: Телефон желілері және басқа да байланыс арналары арқылы келіп түсетін өрттер, авариялар мен өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдау және тіркеу. Қабылданған ақпаратты белгіленген тәртіппен бөлімше басшысына және тиісті жедел қызметтерге дереу жеткізу. «Дабыл» сигналының уақтылы берілуін және жеке құрамның дабыл бойынша жиналуын қамтамасыз ету. Радиостанциялар арқылы хабарламаларды қабылдау және беру, оқиға орнына шыққан бөлімшелермен тұрақты радиобайланысты қамтамасыз ету. Өрт сөндіру бөлімшелерінің шығуын, келіп түскен хабарламаларды және берілген өкімдерді есепке алу журналдарын жүргізу. Байланыс құралдарының, телефон жабдықтарының, радиостанциялардың және байланыс пунктіндегі өзге де жабдықтардың жарамдылығын бақылау. Байланыс құралдарында ақаулар анықталған жағдайда тікелей басшысына дереу баяндау және өз құзыреті шегінде оларды жою шараларын қабылдау. Өрт сөндіру бөлімі, жедел-диспетчерлік қызметтер және басқа да бөлімшелер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге қатысу. Өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін маңызды болып табылатын оқиға мекенжайы, өрттің сипаты, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп және басқа да мән-жайлар туралы мәліметтерді уақтылы нақтылау және жеткізу. Радиоалмасу қағидаларын, қызметтік тәртіп талаптарын және қызметтік ақпаратты беру тәртібін сақтау. Жұмыс орнын, жабдықтарды және байланыс құралдарын жарамды күйде әрі қолдануға дайын жағдайда ұстау. Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын және ішкі тәртіп қағидаларын сақтау. Қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету және қолжетімділігі шектелген мәліметтердің жария етілуіне жол бермеу. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзге де міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау.

Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, орта сынып автомобилдерінде жүргізу тәжірибесінің болуы, бойы 165 см-ден төмен емес.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 3 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;

3) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 4 қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты  мекен жайы мен телефоны көрсетілген)

4) ҚР ТЖМ 15  қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық автобиографиясы;

5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда); 

7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

8) соңғы жұмыс істеген орыннан (қызмет еткен) мінездеме  (жұмыс өтілі бар болғанда) және әскери қызмет орнынан мінездеме;

9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

12)білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);

13) спорттық разрядының болуын растайтын құжаттар (егер болса).

Құжаттарды кадр қызметтері Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін нысаналы немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы қаблыдайды.

Аталмыш құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, оларды қабылдау комиссия қараудан бас тартуға негіз болады.

 Құжаттарды қабылдау іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінен кейін тоқтатылады.

Қабылдау комиссия отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.

Іріктеуге қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақша қаражаты есебінен жұмсалады.

Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД, Көкшетау қ. Ауельбекова 87, мекен-жайы бойынша қабылданады, тел.: 8-(7162) 25-19-25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/documents/details/1086660?lang=kk