«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 04 қыркүйектегі № 8С-32-6 «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушының ұсынымына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру:
Олейник Нина Федоровнаға – кәсіпкерлікті дамытуға, қоғамдық және ардагерлік жұмыстарға үлес қосқан;
Коростелева Таисия Максимовнаға - балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы;
Шулембаева Шолпан Туткушевнаға- еңбек ардагері;
Иманжусуп Раушан Нурхановнаға - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы;
Илиупова Шамшия Жакуповнаға – еңбек ардагері.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев