Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша есепке
анықтама
2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша жалпы 1067 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
- қағаз түрінде - 0;
- қағаз нысанда, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 0;
- мемлекеттік корпорация арқылы - 69;
- электрондық түрде – 998 (оның ішінде «электрондық үкімет» веб порталы арқылы - 567, «е-лицензиялау» АЖ арқылы - 143, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз – 152, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыспен –136).
Шілде айында «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жер қатынастары саласында 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
Тамыз айында «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруаылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік және саласында 1 ашық есік күнін өткізді.
Тамыз айында «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де ішкі бақылау жүргізілді. Екі ұсыным берілді, екі ұсыным орындалды.
Қыркүйек айында «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын-үй саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша халықпен 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша 1 қызмет алушылар күнін өткізді.
«Қызмет алушылардың құқықтары» тақырыбында 20 брошюра таратылды.