Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы
Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №219781 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазығұрт ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 11 446 693 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 6 248 175 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 55 360 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 783 208 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 4 359 950 мың теңге;
2) шығындар – 11 521 134 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 716 046 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 905 169 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 189 123 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -790 487 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –790 487 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 905 169 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 665 965 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 551 283 мың теңге.
2. 2026 жылы салық түсімдерінен облыстық бюджетке әлеуметтік салық 30,4 пайыз мөлшерінде бөлу нормативі белгіленсін.
3. Аудан әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві – 23 284 мың теңге көлемінде бекітілсін.
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Т.Калымбетов