«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LVI сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
3) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев