«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 581 Комитеттің бұйрығы

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 581 Комитеттің бұйрығы

 

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ-тың докторанты Айдынгул Тойбазаровна Тулебаеваның диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «8D01721 (6D011700) – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын.

«8D01721 (6D011700) – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Сыр бойы ақын-жыраулары поэзиясындағы философиялық дүниетаным және педагогикалық көзқарастар» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңесінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда қорғалған.

Диссертациялық кеңестің төрағасы:

Туякбаев Габит Анешович – филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» БББ-ның профессоры.

Ғылыми кеңесшілері:

Айтимов Муратбек Кенжебаевич – филология ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» БББ-ның қауымдастырылған профессоры;

Майгельдиева Шарбан Мусабековна – педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» БББ-ның профессоры;

Йылдыз Наджие – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қажы Байрам Уәли университеті (Түркия).

Ресми рецензенттері:

Балтабаева Жаңалық Қылышқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры;

Дәрібаев Самал Дәрібайұлы – ­филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/1085639?lang=kk