2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыуының негізгі қорытындылары

Өнеркәсіп.  2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында аудан кәсіпорындарында  117279,1 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 118,3% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 104,1% құрады.

2026 жылғы 1 қазандағы жедел деректер бойынша 3-6 топтағы  186,6 мың  тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 3,0%-ға кем.

Алтынды өндіру 18,2%-ға азаюмен 274,0 кг-ды құрады, құрамында алтыны бар кенді өндіру 13,1%-ға ұлғаюмен 2934,9 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі 6,1%-ға азаюмен 402,4 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауыл, орман, балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі (ағымдағы бағамен) 18131,6 млн. теңгені, оның ішінде ауыл шаруашылығы – 18127,3 млн. теңгені, балық шаруашылығы  – 4,3 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының ЖКИ 123,8% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар.  2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,6%-ға ұлғаюмен 25615,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ  – 119,9%  құрады.

Құрылыс жұмыстары. Қаңтар-қыркүйек айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 23,2%-ға ұлғаюмен 10604,0 млн. тенгені құрады. Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 114,4% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында тұрғын үйлерді 3217,8 ш.м. пайдалануға берілді (2025 ж. қаңтар-қыркүйек – 1937 ш.м.).

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 қазандағы статдеректер бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 259 бірлікке азаюмен 1697 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 5 субъектке  азаюмен 226 бірлікті, жеке кәсіпкерлер – 251 субъектіге азаюмен 1298 бірлікті, шаруа қожалықтары - 3 субъектіге азаюмен 173 бірлікті құрады.

Сауда.  2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда көлемі 10,3% өсіммен  5461,0 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 100,6%.

Көтерме сауда көлемі 2,4 есеге ұлғаюмен 20143,0 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 223,8%.

Өмір деңгейі. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 12,6% өсіммен 433 930 теңгені құрады.

Қаржы.

Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 16,7%-ға немесе 609,2 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 4252,8 млн. теңге түсті. Салық және төлем түсімдерінің болжамы 110,3%-ға орындалды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1085070?lang=kk