«Байзақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы»Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Байзақ аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Байзақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Байзақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 17 (он жеті) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Байзақ аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Байзақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Б.Кошербаев
Хатшы А.Қосуақ
Байзақ аудандық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазанындағы №11
қаулысына қосымша
Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
№1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Д.Қонаев көшесі, №16 «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылы.
Құрамына №114 және №467 сайлау учаскілері кіреді.
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы, Құрманбаев көшесі №57, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Амангелді орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты..
Шекаралары: Түймекент ауылдық округінің Ақжар ауылы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылы және Ақшолақ станциясы, Бәйтерек ауылдық округінің Көкбастау және Базарбай ауылдары.
Құрамына№115, №132,№136, №137,№138 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Жетібай ауылы, Әденов көшесі №1"Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әль-Фараби атындағы" МКҚК-нің Жетібай ауылдық клубы мекемесінің ғимараты..
Шекаралары:Жалғызтөбе ауылдық округіне Жетібай, Аққия, Төрткөл ауылдары, Ынтымақ ауылдықокругінің Мәдімар ауылы, Мырзатай ауылдық округінің Дихан-2 ауылы.
Құрамына №116,№124,№143сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы, Сеңкібай көшесі №20/а, Мырзатай ауылдық клубы.
Шекаралары: Сазтерек ауылдық округінің Абай, Жаңасаз, Ақтөбеауылдары, Мырзатай ауылдық округінің Мырзатай, Сеңкібай ауылдары, Сарыкемер ауылдық округінің Қосақ ауылы.
Құрамына №131, № 141, № 142сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы,Жақаш ауылы, Әйтімбетов көшесі №44, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Суханбаев орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Суханбаев ауылдық округініңЖақаш, Қарасу, Көкөзек ауылдары, Дихан ауылдық округінің, Дихан, Жеңіс, Аймантөбе ауылдары.
Құрамына №133 және №134сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы,Тегістік ауылы, Школьная көшесі №1, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы А.Жанкулиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Темірбек ауылдық округінің Шахан, Сарыбарақ, Тегістік ауылдары, Көптерек ауылдық округінің Кеңес ауылы.
Құрамына №117, №118, №119сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Көктал ауылы, С. Мұқанов көшесі, №14, Көктал ауылдық мәдениет үйі.
Шекаралары: Көктал ауылы.
Құрамына №135 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Қосы батыр көшесі, №47, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Сарыкемер ауылдық округініңСарыкемер ауылы.
Құрамына №128 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Байзақ ауылы, Байдешов көшесі №1, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы С. Абланов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ботамойнақ ауылдық округініңБайзақ, Ботамойнақ ауылдары және Үшбұлақ станциясы.
Құрамына №125 және №470сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №76, Әл – Фараби атындағы мәдениет үйі.
Шекаралары: Сарыкемер ауылдық округініңСарыкемер ауылы.
Құрамына №126 және №523 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Д.Қонаев көшесі №137,«Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы№ 1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылы.
Құрамына №127 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Мәмбет батыр көшесі №27а,«Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектепгимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылы.
Құрамына №147 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Абдикаримов көшесі №48, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Н.Киікбаев атындағы мектепгимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылы.
Құрамына №113 және №130 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№14 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ баттыр көшесі №223, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» Шекаралары: Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылы.
Құрамына №129 және №146сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№15 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері;Байзақ ауданы, Бурыл ауылы, 9 мамыр көшесі №9, Өнер мектебі Шекаралары: Бурыл ауылдық округінің БурылжәнеҚұмжота ауылдары.
Құрамына №468 және №469 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№16 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Бурыл ауылы, Құмжота көшесі №38/2, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағыБурыл орта мектебі » КММ.
Шекаралары: Бурыл ауылдық округінің Бурыл және Құмжота ауылдары.
Құрамына №139, №140, №529сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№17 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Байзақ ауданы, Үлгілі ауылы, Жақыпбай көшесі №126, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданындағы Үлгігілі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Үлгілі ауылдық округінің Үлгілі ауылы, Қостөбе ауылдық округінің Қостөбе ауылы.
Құрамына №120 және №121сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.