Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ мерзімді баспа басылымдар, телеарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, ғимарат 1, 309-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ кеңсесі 2026 жылғы 02 қараша күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, ғимарат 1 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 03 қараша күнгі сағат 11:00-де ашылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/documents/details/1084699?lang=kk