Санитарно-эпидемиологический мониторинг за состоянием водоснабжения, атмосферного воздуха и водных объектов на территории города Астана за 3 квартал 2026 года

        

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен ҚР ДСМ 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 санитариялық қағидаларының және 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерінің талаптарына (іріктеу кезеңділігіне және зерттеуге арналған көрсеткіштер тізбесіне) сәйкес тұрақты негізде бақылау нүктелерінен сынама ала отырып, халыққа берілетін ауыз су сапасының мониторинг жүргізіледі.

2026 жылдың 3 тоқсанында санитарлық-химиялық көрсеткіштерге – 287 су сынамасы зерттелді, оның ішінде тарату желісіне түсер алдында  1  су сынамасында (1,26%) талаптарға сәйкессіздік анықталды.

Микробиологиялық көрсеткіштерге – 412 су сынамасы алынды, оның ішінде 6 сынамадан (1,46%) талаптарға сәйкессіздік анықталды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасында ауыз су сапасының талаптарға сәйкессіздігі санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 4,2%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша- 2,2% құрады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/documents/details/1084264?lang=kk